Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй құстары»
Мақсаты: 1. Үй құстары туралы түсінік беру.
2.Есте сақтау қабілетін дамыту және өз ойын еркін жеткізуге
тәрбиелеу.
3.Үй құстарына қамқорлық көрсетуге тәрбиедеу.
Көрнекіліктер: үй құстарының суреттері, үлестірмелі материялдар,
безендірілген себет, үнтаспа, бидай, арпа.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
А)Тосын жағдай
Б) Ойын
В) Сұрақ-жауап
Г)Құрастыру
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы.
Тосын жағдай: «Ғажайып себет» ойыны
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылығын ояту.
Барысы: Балалардың назарын топ ішіндегі ғажайып себетке аудару.
-Балалар мына себеттің ішінде не бар екен. Сол сәтте
үнтаспадан құстардың дауыстары ойналады. Балалар назары
үнтаспаға ауады. (Үнтаспадағы дыбыс аяқталады)
-Ал енді себеттің ішінде не бар екенін көрейік.
-Ой, балалар мынау құстар екен ғой, қане сендер мұның
аттарын білесіңдер ме?
-Тауық, қаз, үйрек деп балалар өздері аттарын атайды.
Сұрақ-жауап:
-Балалар бұлар қайда өмір сүреді, үй ауласында ма және далада
ма?
-Үй ауласында.
-Дұрыс айтасыңдар балалар, бұлар үй ауласында ата-аналарымыз
өсіретін құстар . Ендеше бұларды біз үй құстары дейміз. Кімнің
үйінде үй құстары бар қане айтыңдаршы?
Балалардың жауабы.
Логикалық ойын: «Құрастыр»
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін дамыту және еңбекқорлыққа баулу.
Барысы: Әр балаға құстар суретінің жалпы жобасы қиылған үлгі таратылады
және сонымен қатар сол құстың қиынды суреттері беріледі. Балалар
сол үлгінің бетіне қиынды суреттерден құс бейнесін құрастырады.
Оның атын атайды.
Дамытушылық ойын: «Жем шашайық»
Мақсаты: Балаларды үй құстарына қамқорлық жасауға баулу.
Барысы: Педагог себеттің ішінен ыдысқа салынған арпа мен тарыны алып
шығып, ол құстардың азығы екенін түсіндіреді. Балалар музыка
әуенімен жерде шашылған дақылдарды арнайы ыдысқа салады.
Музыка тоқтағанда көп дақыл жинағандарын мадақтап және оны
құстарға тарту етеді. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.
Сергіту сәті: Шөп-шөп, шөп-шөп , шөжелерім
Сары алтындай балапаным,
Тез жетіңдер, жем беремін,
Дәнге толы алақаным.
Қимыл-қозғалыс ойын: «Құстар ауласы»
Мақсаты: балаларға құстардың қимыл-қозғалысын меңгерту.
Барысы: Балалар бастарына құстардың бейнесінен жасалған кароналарды
киіп, құстардың қимылын жасайды.
Қорытынды: Қимылды ойын: «Құстар»
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және қимыл-қозғалысын дамыту.
Барысы: Обручьтар құстардың ұясы болады. Құстар ұяларынан шығып, ары-
бері ұшып, қанаттарын қағып ойнап жүреді. Сол сәтте ауа райы
бұзылып, жаңбыр жауа бастайды. Құстар ұяларына жүгіріп кіреді.