Тақырыбы: Ертегілер әлеміндегі аңдар
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың сөздік қорларын молайту, ертегі әлеміндегі аңдар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау,сөйлеу қабілеттерін дамыту,ертегі әлеміндегі аңдардың мінез-құлықтарын ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелілік: Балаларды қырағылыққа,сыйластыққа, ертегі әлеміндегі аңдар сияқты тату-тәтті өмір сүруге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Орман жануарлары (аю,қасқыр,түлкі,қоян т.б) ағаштар,тастар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: 1.Тосын жағдай
2.Түсіндіру әдісі
3. Көрнекілік әдісі
4. Ойын әдісі
Ұйымдастырған оқу іс әрекетінің барысы:
1. Кіріспе бөлім
Шаттық шеңбер
Менің шашым әдемі,
Досымдікі оданда әдемі.
Менің қолым әдемі,
Досымдікі оданда әдемі.
-Иә, балалар бүгін бәрің әдемі екенсіңдер.
Тосын жағдай:
Орман арасынан құстың дыбысы естіледі.
- Балалар бұл ненің дыбысы?
- Балалар жауабы
Бұл құстың аузында хат бар екен. (Құс хатты оқып береді)
- Сәлеметсіңдер ме? балалар
- Мен сендерге тапсырма алып келдім
- Тапсырманы орындаймыз ба?
Ой, мынау орман арасында жасырынып жүрген не екенін білу үшін жұмбақ жасырамын не екенін дұрыс тапсаңдар ол бізге көрінеді.
Өзі айлакер,
Өзі қу .
Жүрген жері,
Айқай шу. (Түлкі)
Қорбаң,қорбаң етеді,
Балды жақсы көреді. (Аю)
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп,қорқып тұрады.
Сәбізді жақсы көреді. (Қоян)
(Слаиттағы аңдарды көрсете отырып, әр аңға сипаттама беру дыбыстарын ажырату)
Дидактикалық ойын.
Тақырыбы: «Жасырылған суретті ата және сипатта»
Мақсаты: Балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Аңдарға сипаттама бере білуге үйрету.
Барысы: Балалар көлде жүзіп жүрген балықтардан біреуін ұстап,тартып алады,балық артында
кез-келген аң көрсетілген соны атайды,сипаттайды.Мысалы түлкі-қу,достарын көп ренжітеді.Осылай ойын жалғаса береді.
Сергіту сәті.
Егер саған ұнаса былай істе (Қоянның қимылын жасату)
Егер саған ұнаса(3р) былай істе (Оюдың қимылын жасату)
Егер саған ұнаса былай істе (Түлкінің қимылын жасату )
Орман жануарлары балалардан тақпақ сұрайды.
Келген аңдарға балалар өздерінің тақпақтарын айтып береді.(Аңдарға байланысты)
Тақпақтар:
Келіпті қу түлкі,
Жүрген жері шу түлкі.
Ортамызға келші,
Бізге қонақ болшы.
Армысың ақ қоян,
Өзі сақ қоян.
Төрлетіңіз ортаға,
Достасайық сізбен.
Көріп ішін орманның,
Кетіп қалма қорбаңым.
Қалың нудан бал таңдап,
Қаңғи көрме қорбаңым.
Енді,балалар аңдарды өз ормандарына шығарып тастайық
-Сау болыңыздар
Қорытынды:
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы сурет»
Мақсаты: Балалардың қиялын дамыту, ертегілер әлеміндегі аңдарды естерінде сақтап қалуға үйрету.
Барысы: Тәрбиеші балаларға ақ парақшалар ұсынады.Су бояуға губканы малып, парақша үстін бояу керек. Парақшада сиқырлы сурет пайда болады. Ертегілер әлеміндегі аңдар бейнесі шығады. Балалар қандай аң екенін атайды,қимылын келтіреді.