«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыз сыны

19.01.2017

Тақырыбы:   «Көрікті көктем аруы»

                                          «Қыз  сыны»  сайысы    

Мақсаты:

Білімділік:   Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелілік: көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

 

Барысы:    Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата-аналар, көрікті қыздар.  Бүгін сіздер балабақшамыздағы  бүлдіршін қыздарымыздың, асыға күткен «Қыз сыны» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар! Қош келдіңіздер! Емен жарқын болайық. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу-маржан шашылсын!

 

           Әділдікпен баға берер аруға
           Әділдікпен қара қылды жаруға
           Алқасын қазылардың біз сайлайық
           Ақ аруды талдап бүгін алуға –

 

деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасын сайлайық.


 

 

Жүргізуші;  Бүгінгі бүлдіршін  аруларымыз мына бөлім бойынша сынға түседі:

І - бөлім: «Өзін таныстыру»- деп аталады.

Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

ІІ - бөлім «Өз өнері» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б өнерлерін көрсетуге  болады)

 

Жүргізуші: Құрметті қонақтар және бүлдіршіндер! 2011-2012 оқу жылында өткен «Қыз сыны» сайысына қатысып бас жүлдені жеңіп алған аруымыз Мұстафа Гүлнұр қонаққа келіп отыр. Міне бүгін өзі  бізге биін ала келіпті. Көріп тамашалайық.

«Қуыршақ»  биі.  Орындайтын  Мұстафа  Гүлнұр.

 



ІІІ - бөлім: «Үй тапсырмасы» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған түрлі қалдықтарды құрастыра отырып сәндік үлгісін көрсетеді.

 

 

 

Жүргізуші: 

       Баурап  алар  бірақ ауыз сәлемі

       Қазақ  қызы - әдепті де  әдемі
       Қазақ қызы - ақылына көркі сай
       Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.

-дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі  «Өзін  таныстыру»  бойынша аруларымыз өздерін  таныстырады.

 

 

  
1)  Дильназ  қыз  өнерлі

      Бойға өнер жиған қыз.


2)  Аяулым  қыз білімді
      Меңгерген бар ілімді


3)   Мадина   қыз елгезек
      Алады тез тіліңді.


4)   Ақша бетті   Лаура
      Ұқсайды хор қызына


5)   Жансұлу  тұр үлбіреп
      Көз  жанары мөлдіреп


6)    Меруерт  қыз шығады
        Бұрымдары желбіреп.


7)    Аққу құстай қанат қағып самғаған,

             Назым қызым
       Адал жолмен арам іске бармаған.


8)     Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
         Мерейде де  қатарынан қалмаған.


9)    Атыңнан айналайын  Регина  деген,
        Жақсы көрем  ортада жүргеніңнен


10)  Болшақта боларсың күлімдеген

                         Карина қыз
       Үміті зор осы ортаң  саған деген.


11)  Назерке   алдында талай іс тұр,
        Болашақта жандырар үміт отты.


12)   Ән айтып,би де билейтін.
        Аида  өнерлі  де қызымыз.

 

13)    Ұқсаймын деп тәтелерге

           Өсіп келеді  Далия қыз

 

 

Сұрақ – жауап  жұмысы

 

1.      Еліміздің президенті кім?

2.     Ауылыңның аты қалай аталады?

3.     Астананың символы не?

4.     Балабақшамыздың атауы  қалай аталады.

5.     Жыл мезгілдерін ата?

6.     Көктем мезгілінде неше ай бар? Атауларын ата.

7.     Бір айда неше апта ба?

8.     Еліміздің рәміздері

9.     Көктем мезгілінде көктем келді деп шақыратын құсты ата?

10.           Біздің ауданымыздың атауы қалай аталады?

11.            Біз қай елде тұрамыз?

12.            Пішіндерді ата?

13.            Біздің туде не бейнеленген?

       

 

Жүргізуші:

2 – бөлім        Өз өнерін көрсету
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.

 

(Қыздарымыз ортаға шығып кезектесіп өз-өнерлерін көрсетеді)

 

 

 

 

 


 

Жүргізуші:

3-бөлім   Үй тапсырмасы   «Сән үлгісі»

 

Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды

ортаға шақырамыз.

Қыздар ортаға шығып өздерінің дайындап келген  сән үлгісін көрсетеді.

 

Жүргізуші:

                   Өнеріміз сайыста,

                   Жетелейді алысқа.

                   Бүгінгі күннің жеңісі,

                  Достық болып қалуда.

-дей келе қорытынды сөзді әділқазыларға беріледі. Әділқазылар қыздарға номинация бойынша марапаттайды. (көркем ару, әдемі ару, білімді ару, т.б)

Бас жүлдені жеңіп алған аруымызға  2011-2012 оқу жылында өткен қыз сайысында бас жүлдені жеңіп алған  Мұстафа  Гүлнұр жеңіске жеткен қызымызға өз қолымен «тәжіні»  кигізіп табыстайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    Ақмола  облысы

                                                                   Зеренді  ауданы

                                                                      Шағалалы ауылы

                                                                  «Балдырған»  балабақшасы                                                                                                                                                                

 

 

                                                                  сайыс

 

 

                                                            

                                               2012-2013 оқу жылы.

                                              «Қарлығаш»  тобы.  Сәуір.

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст