«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дидактикалық құралдар арқылы сөйлеуді дамытудың әдіс- тәсілдері

24.11.2020

Дидактикалық құралдар арқылы сөйлеуді дамытудың әдіс- тәсілдері

Мақсаты: Дидактикалық  құралдарды пайдалана отырып балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Міндеттері: Дидактикалық ойын арқылы ұйымдастырылған оқу-қызметіне

                    деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыта

                    отырып, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге үйрету.

                    Қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым- 

                    қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

 

 

Сурет салу, сан алуан бөлшектен тұратын ойыншықтарды құрастыру.  Қарапайым көрінетін бұл іс қимылдарға бейімділікті қолдың нәзік моторикасы деп атайды. Яғни аталған әдіс қолдың жүйке талшығы сүйектен бұлшық еттің үйлесімді жұмыс істеп миға оң ықпал етуі саусақтардың ұшында жүйке жүйесіне әсер ететін рефлекстердің бар екені осыдан бірнеше ғасыр бұрын анықталған. Қол қимылына жауап беретін ортаңғы ми сөйлеуге жауапты орган мишыққа өте жақын орналасқан. Соның әсерінен саусақтар жұмыс істеген кезде импульс арқылы ми қыртысына ақпарат  беріледі. Осының әсерінен сөйлеуге жауапты мишықтың жұмысы белсенді бола түседі. Қолдағы нәзік моториканы әсіресе екі үш жасар балалардың арасында жүйелі түрде дамытқан дұрыс. Өйткені бала санасының оның қоршаған ортаны бақылау, көру, есту, есте сақтау қабілеттерінің дамуы қол саусақ қозғалысына тікелей байланысты. Ендеше тәрбиешілер назарына күніне 5-10минут  жасауға арналған арнайы жаттығу ойындарын ұсынамын.

Алдымен түймелеу ойынынан бастайық. Ол үшін 7см-8см болатын түрлі түсті матаның бір басына түйме қадап екінші басын кесіп қою. Бұл жаттығу балаларда түстерді айырып, өз бетімен киінуге үйретеді. Келесі «Суретке қарап жинау». Құрастырғыш ойыншықтар бейнеленген суретке қарап мүсіндер жасауға үйрету. Осы арқылы баланың ұсақ қол моторикасымен қоса ойлау қабілетін дамытуға болады. Келесі ойынға кіріспес бұрын құрастырғыш ойыншықтарды төңкеру, мақта немесе ермексаздан жасалған дөңгелектерді орналастыруды сұраймыз. Балалар үшін ең қызық ойын

« Заттың ішінде не бар»  деп аталады. Ішіне түрлі ойыншықтар салып сипап сезу арқылы қандай затты ұстап тұрғанын анықтауды үйрету. Келесі ойын су ішуге арналған түтікшелерге гигиеналық мақтасы бар таяқшалар қажет болады. Баладан түсіне қарай түтікшеге таяқшаларды кіргізуін сұраймыз. Келесі ұзын лентаны жинауды үйретеміз. Бұл ойындар балалардың сөйлеу мүшесін дамытып тілін анық шығарады.

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу тәрбиешілер мен педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, ұйымдастырылған оқу қызметін өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Балалардың тілін  дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар ұйымдастырылған оқу қызметін және жүргізілетін жұмыстар барысын көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір ұйымдастырылған оқу қызметте ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Балалардың тілін дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық құрал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. 
Ойын арқылы балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорын байытады, жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Мектепке дейінгі ұйымдарда сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс – тәсілдері  арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. 
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Ұйымдастырылған оқу қызметі  сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. 
Көрнекілік әдісі – ұйымдастырылған оқу қызметі  сайын немесе жүргізілетін ойын сайын қолданып жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек . 
 Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – жеміс- жидектер, ойыншықтар, тағамдар, тақырыптарында жүзеге асады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады. Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін. 
 Осы тақырыпқа байланысты мынадай ойындар өткізуге болады: «Дәмінен ажырат», «Не артық?», «Қанша жеміс көрдің, соншама қол шапалақта», балалардың назарын бақылау үшін кез келген сөзге емес тек қана жемістерді естігенде шапалақтау, жұмбақ жасыру, мысалы түсі қызыл, сары, дөңгелек тәтті ағашта өседі – бұл не? және де басқа да тақырыптарға келтіруге болады. Математикалық есептер шығаруда да осы дидактикалық құралдар пайдалану өте тиімді. Есепте шығарады және неше бұрыш, неше алма немесе көршісі қандай сан деп өз өзімен әңгімелесу арқылы да тіл байлықтары жақсы дамиды.
Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды. 
Мысалы: шақ – шақ – шақ – кішкентай құлыншақ. 
Ыр- ыр – ыр – ырылдайды қасқыр. 
Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу қызметінде  дидактикалық ойындарды, құралдарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады. Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет. 
Балаларға топтардағы суретті кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы балаларға оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек. 
Оларға «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Қызыл телпек», «Бикеш, түлкі және қасқыр» сияқты шығармалар арқылы дыбыстарды анық айту, байланыстырып сөйлеу, әңгімелей білуге үйретуге болады. 
Ертегі сахналау арқылы балаларды рөлге бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет. Бұл кезде саусақ театры қолданылады. Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн. Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше. Ал жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың, киім-кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді. Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын дидактикалық ойындар, сюжетті - рөлді ойындары арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады. Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білуге дағдыландыру керек. Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар екенін балалар айтып берді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап ала отырып, сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге үйрету. 
Көркем шығармалармен балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы балаларды еркін сөйлеуге, түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру керек. Сонымен қатар мектепалды даярлық тобында әріптермен танысуда қаншама заттар атауымен танысады, сол әріптен басталатын сөздер ойлап табу, ол сөздерге дыбыстық талдау жасау және сөйлем құрау арқылы да балалардың сөздік қоры қаншама дамиды. Қорытынды:
Қорыта айтқанда, балабақшада балалардың тілін дамытуда әрдайым әдіс-тәсілдер ізденуде болу керек. Ойын және дидактикалық құралдар  – балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да балалардың тілін дамытуда  дидактикалық құралдар мен ойынның маңызы өте зор.

 

Просмотров: 251


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст