«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қатынас білім беру саласы»

19.11.2020

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Шағалалы» ауылы

«Балдырған» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

Тақырыбы: «Қатынас білім беру саласы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Сыздыкова Б.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 жыл, қараша.

Кіріспе

 

 "Қатынас" білім беру саласының мақсаты ауызекі сөйлеуді қалыптастыру, өмірдегі түрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын игеру, оқу мен жазудың алғышарттарын қалыптастыру болып табылады.

      "Қатынас" білім беру саласы тәрбиеленушілердің әр түрлі балалық іс-әрекетінде Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі және байланыстырып сөйлеуді, мәнерлеп оқу мен мазмұндауды дамытуды, тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді, белсенді сөздік қорын байытуды, тілдік нормаларды игеруді, мемлекеттік және орыс тілдеріне үйретуді қамтиды.

 

      "Қатынас" білім беру саласының мазмұны коммуникативтік біліктер мен дағдыларды дамытуға, балалардың түрлі іс-әрекетінде ауызекі сөйлеуді дамытуға, сөздік қорды байытуға, балалар әдебиетіне қызығушылықты дамытуға бағытталған.

 

«Қатынас» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

  1. Тіл дамытуды;
  2. Көркем әдебиетті;
  3. Сауат ашу негіздерін;
  4. Қазақ тілін (орыс тілінде оқытылатын топтарда)
  5. Орыс тілін (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) қамтиды.

«Қатынас» білім беру саласы қамтитын ұйымдастырлған оқу қызметінде алға қайған мақсатына жету үшін белсенді  оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануға өте тиімді. Белсенді оқу мен оқыту әдістер көп, кейбіреуін атап айтсақ:

  1. Балалардың ұйымдастырлған оқу қызметін өткізер алдында балалардың көңіл-күйін көтеру керек.ҰОҚ белсенді қатысу  үшін, мысалы; «СӘЛЕМДЕСУ» жаттығуын орындауға болады,  «күннің» суретін балаларға көрсеткенде олар бір-біріне күлімсіреп қарайды, «алақанның» суретін көрсеткенде бір-бірімен қол ұстасып амандасады, «жүректің» суретін көрсеткенде бір-бірлерімен құшақтап амандасады
  2. Балаларды топқа бөлгенде де, әр түрлі әдіс қолдануға болады. Мысалы, «Тәтті сый» әдісі арқылы топқа бөлуге болады.Үстелдің үстіне үш түсті кәмпиттер жатады. Балалар бір-бірден кәмпитті алып, түстеріне қарай үш топқа бөлінеді.
  3. «Сиқырлы қорапша» әдісі арқылы топқа бөлуге болады. Қорапшаның ішінде кез келген тақырыпқа байланысты балалардың санына қарай суреттер болады. Суреттер арқылы бөлінеді.
  4. Ұйымдастырлған оқу қызметінің ортасында, яғни негізгі бөлімінде «Миға шабуыл» әдісін қолдануға болады. Бұл әдісті тақырыпты қайталағанда тиімді.Сұрақтарды балалардың деңгейлеріне, жас ерекшеліктеріне қарай  қойылады.
  5. «Ғажайып қоржын» ойыны арқылы сипаттау әдісін қолдану болады. Өтетін тақырыпқа байланысты қоржынның ішіне ойыншықтар салынады, немесе басқа заттар балалар кезекпен қоржынның ішіне қолдарын салып бір затты  ұстап сипаттап береді. Барлығы болғаннан кейін балаларға сұрақ қоюға болады. Балалар,қалай ойлайсындар бүгін біз не туралы өтеміз. Балалар жауаптарын айтады.
  6. «Сәйкестендіру » әдісі. Тақырыпқа байланысты суреттерді сәйкестендіреді. Мысалы, құстарды ұясымен, жануарларды көлеңкесімен, үй жануарларын төлдерімен т.б.
  7. «Топтастыру» әдісі. Мысалы, балаларға күннің суреті  және құстардың суретін, келесі топқа ағаштың және құстардың суретін беріп мынадай тапсырма беруге болады. Тапсырма: қыстап қалатын құстарды ағашқа қондырып жапстыру, ал жылы жаққа ұшып кететін құстарды күннің қасына жапстыру.
  8. «Суретті әңгімеле» әдісі.

Тапсырма: сурет бойынша әңгімеле.

Мақсаты: балаларды берілген сурет бойынша сөйлеу коммуникативтік-дағдыларын қалыптастыру.

  1. «Пазл құрастыру» әдісі.

Тапсырма: бөліктерден бүтін суретті құрастырып, сұрақтарға жауап беру.

  1. Ұйымдастырылған оқу қызметінің соңында, яғни кері байланыс.

«Микрафон» әдісі, «Бағдаршам» әдісі, «Алма ағашы» әдіс, «Бассаусақ» т.б әдістерді қолдануға болады.

 

Қорыта келгенде, «Қатынас» білім беру саласында белсенді әдіс-тәсілдерді  жас ерекшеліктеріне қарай дұрыс ұйымдастырып қолданса, балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын артады.Балалар бір-бірімен және ересектермен еркін аралысуға дағдыланады, зейіні шоғырланады,тілдері,ойлау қабілеттері дамиды.

 

     

Просмотров: 381


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст