Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Өтпелі тақырып: "Балабақша"
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Сабақтың тақырыбы: Жақсы көретін ойындарыммен ойыншықтарым.
Сабақтың мақсаты: Балаларды ойыншықтармен таныстыру, ойыншықтардың суретіне қарап әңгіме құрастыра білуге үйрету, тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін жетілдіру.
Міндеттері: Әртүрлі ойыншықтар атауларымен таныстыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
1) Білімділік: Өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп ( түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны ) , әңгімелеп айтып беруге , ойыншықтардың жекеше , көпше атауларын айтуға үйрету.
2) Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтып , дұрыс сөйлей білуге баулу.
3) Тәрбиелілік: Ойыншықтармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен , жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру,жұмбақ,ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Резеңкеден,темірден,ағаштан,матадан жасалған ойыншықтар және суреттері, ойынға байланысты маскалар, аңдар киімдері, көбелек. Билингвальды компонент: Ойыншық-игрушка, ойыншықтар-игрушки
Оқу қызметі |
Жоспарланған әрекет |
Ресурстар |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Қайырлы күн, көк аспан. Қайырлы күн достарым, Сендерді көрсем қуанам. «Көбелек гүлге қонады» ойыны |
-Күз -3 ай -Суық -Машина,қуыршақ |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Балалар енді «Ненің суреті жасырылған?» ойын ойнап алайық. Ойын шарты бойынша өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап алыңдар, олардың артында аяқталмай қалған суреттер бар сол ненің суреті екен табыңдар. - Тағы да кім қандай ойыншықты ұнатады. - Иә дұрыс, өте жақсы суреттеп әңгіме құрадыңдар. Тәрбиеші 4-5 балаға суреттеп әңгіме құрастыртады.
Үстел-үсті ойыны: «Киіндір» Барысы: ортаға бір қыз бала шығып, қуыршаққа өз ұнатқан көйлегін кигізеді. Киімге сипаттама жасалады. Мысалы: Көйлегі көк, ұзын, матадан жасалған, моншақпен безендірілген. т.б. -Ал балалар осы қуыршақтың көйлегін мына құм ұнтағының бетіне сызып көрейік. Ол үшбұрыш пішінді болады. Саусақпен сызамыз.
Балалар мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын оның дұрыс жауабын тауып көрейік Сергіту сәті: (Сергіту жаттығуларын А.Меңжанованың «Сылдырмақпен би» өлеңімен жасатуға болады). Қолымызда сылдырмак, Сылдыр, сылдыр етеді Аяғымыз тыпырлап, Өзі билеп кетеді. Тып, тып, тып, тып. Тыпылдатып биге шық. Қолымызда сылдырмақ, Сыңғырлата қағамыз. Сол аяқ пен оң аяқ Басуын тез табамыз. Тып, тып, тып, тып. Тосын жағдай: «Ойыншықты сипатта» дидактикалық ойыны: Ойынның шарты бойынша ортаға шыққан баланың көзін байлап қолына ойыншық ұстату, оның қандай ойыншық екенін қолымен сипап көру арқылы атау.
Қараңдаршы әлі де жап - жаңа, тап - таза. Сендер де ойыншықтарыңды таза, ұқыпты ұстаңдар. Осы менің ойыншығымды қазір бәріңе беремін, қолдарыңа алғанда осы ойыншыққа жақсы тілектерімізді айтайықшы. Балалар тілек айтады: |
- Ойыншықтардың -Дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш,,сопақша,шаршы.
Білеміз.
.
Балалар қайталайды: Рэкс,Пэкс,Фукс
-Ия,ойнаймыз.
- Нанымыз көп болсын! |
Рефлексивті-түзетушілік |
«Жасырынған ойыншықты тап!» дидактикалық ойыны: Ойын шарты: балалар тығылған ойыншықтарды тауып, неден жасалғанын, қайда қолданылатынын, түсін айтып береді. Сайқымазақ: Мына шарларды сыйға тартамын. Сұрақ-жауап
|
-Рахмет |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншықтардың түрлерін,түсін,пішінін;
Игереді: Толық сөйлем құрау;
Меңгереді: Ойыншықтарға жанашырлықпен қарап , достарымен бөлісіп ойнау.