«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

даму жоспары

18.04.2024

КМҚК  «Балдырған» бөбекжайының

 

2024-2029 жылдарға арналған стратегиялық 

 

даму жоспары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

          Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу. Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана гүлденуге қол жеткізуде. Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді.

«Балдырған» бөбекжайының 2024 – 2029  жж. Арналған даму Бағдарламасы

Мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі – МДҰ) заманауи басшысының басқарушылық-ұйымдастыру қызметі терең ойластырылған, мұқият әзірленген және қатаң орындалатын даму Бағдарламасына сүйенуі тиіс.

Даму бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) төлқұжаты, оны әзірлеуге негіздеме ретінде ҚР Конституциясы, ҚР-ның «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Тіл туралы», «ҚР-ндағы бала құқықтары туралы» Заңдары, "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын бекіту туралы".

Бағдарлама төлқұжатына мынадай тараулар кіреді: мемлекеттік тапсырыс беруші, негізгі дайындаушылар, орындаушылар, қаржыландыру көздері, іске асырудың күтілетін нәтижелері.

МДҰ ресурстық базасының сипаттамасы қоршаған әлеуметті және материалдық-техникалық базаны қамтиды.

МДҰ қызметінің тұжырымдамалық негіздері

Мектепке дейінгі балалық шақ – әрбір адамның өміріндегі бірегей кезең.

Ересектердің міндеті – әрбір бүлдіршін үшін оның қабілеттіліктерін ашуға қажетті жағдайлар жасау, оның өмірін қызықты және мазмұнды ету, құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасауға үйрету, білім берудің оңтайлы бағдарғысын белгілеу. Әрбір балаға және отбасыға қолдау және өз уақытында жеке, аумақтық қолжетімді көмек көрсетуге қабілетті мамандарды біріктіретін, ұстанымдық жағынан жаңа үлгідегі МДҰ құру заманауи қоғамның дәйекті қажеттілігіне айналып келеді.

Мұндай тәсілдің өзектілігі көптеген отбасылар балаларды сапалы оқыту мен тәрбиелеуге мұқтаж болып отырған жағдайларда арта түседі.

Стратегиялық миссиясы: баланың психологиялық-денелік жағынан салауатты, құзіретті, қатынас-байланыстық және шығармашылық дағдыларды меңгерген, қоршаған дүниеде барабар өмір сүруге қабілетті, сергек және еркін ойлай білетін жеке тұлғасын қалыптастыру.

Міндеттері:

жасы кіші балаларды тәрбиелеу мен оқыту үдерісін сапалық ресурстық қамтамасыз ету;

МДҰ дамуының тетіктерін жасау және олармен қамтамасыз ету;

МДҰ-ның дүниежүзілік стандарттар мен уақыт талаптарына сәйкес келетін дамытушы заттық-кеңістіктік және білім беру ортасын қалыптастыру;

МДҰ қызметінің инновациялық мазмұнын әзірлеу және енгізу;

МДҰ-да білім беру үдерісін жаңғырту;

мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтардың кәсіптік құзіреттілігін арттыру;

МДҰ-ды басқару үдерісін демократияландыру;

білім беру үдерісіне қатысушылардың бәріне субъект-субъектілік өзара әрекет ұстанымдарын енгізу;

балаларды сапалы тәрбиелеу және оқыту мақсатында мемлекеттік билік, ҒӨБ, әлеумет өкілдерімен әлеуметтік әріптестікті дамыту;

өңірдің білім беру кеңістігінен лайықты орын иелену;

кентте, ауданда, облыста жоғары рейтингке қол жеткізу.

Девизі: «Әрқашан сүйіспеншілікпен – қарсы аламыз, ал мақтанышпен – шығарып саламыз!»

Балалық шақтың құндылықтарын: таңдануды, сенімді, қарым-қатынас жасауды сақтау.

Жетекші функциясы: бүлдіршіннің жеке тұлғасын әлеуметтендіру.

Өзекті идеясы: бәрі де балалық шақтан басталады!

Біздің құндылықтар: балалар, отбасы, денсаулық, бақыт пен рахым.

Біздің ұстанымдар:

адамгершілік;

балалар, ата-аналар, педагогтардың құқықтарын құрметтеу;

балаларға деген сүйіспеншілік;

сенім;

ашықтық;

бірге қуанып-күйінушілік пен ынтымақтастық;

табысқа қарай ұмтылушылық.

Біздің балабақша өз дамуында бағдарға алатын басты нәтиже, – түлектің жеке тұлғасы.

Бүлдіршіннің

даму саласы

Жеке тұлғалық даму индикаторлары

Денелік

Жақсы дене және психикалық денсаулығы: дамыған денелік қасиеттері, қозғалыстық және мәдени-гигиеналық дағдылары, дене және психикалық денсаулықты сақтау тәсілдері туралы білімі бар, өз денсаулығына сергек қарай, валеологиялық білімін іс-тәжірибеде іске асыра және спорттың әртүрлі түрлерімен айналыса біледі

Зияткерлік

МЖББС-на сәйкес жаңа білімді, икемділіктерді, дағдыларды меңгеруге деген ұмтылысы, қоршаған орта туралы білімі, қалыптасқан математикалық түсініктері, тілдік даму дағдылары бар; бақылау, салыстыру, талдау, қорытынды жасауды, өз ойын, көркем туындылардың, ертегілердің мазмұнын байланысты және дәйекті баяндауды, білімін іс-тәжірибеде өздігінен қолдануды, күрделі емес математикалық тапсырмаларды орындауды біледі

Эстетикалық

Өнердің алуан түрлеріне орнықты қызығушылығы мен эмоциялық сергектігі, өнер түрлері туралы білімі, бейнелеушілік қызметтің қалыптасқан дағдылары бар; қоршаған әдемілікті көре және бағалай, қоршаған дүние туралы өз әсерлерін бейнелеу қызметінде, музыкада, сөз шеберлігінде бейнелей алады, көркемдікті жеткізудің саналуан құралдарын меңгерген

Өнегелілік

Әртүрлі ұлттардағы құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағдылары, әртүрлі халықтардың мәдениетіне деген қалыптасқан оңды көзқарасы бар; басқа ұлттардың балаларын дұрыс қабылдауды, басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарауды біледі, Отанын сүйеді, онымен мақтанады; адал, өзіне-өзі сынмен қарауға, қайырымды болуға тырысады

 

 

Түлек жеке тұлғасының моделі

 Түлек жеке тұлғасының бұл моделін жүзеге асыру және іс-тәжірибеде қолдану оған МДҰ педагог-тәрбиешілерінің құзіреттілік тәсілі болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Сондықтан МДҰ-дағы әдістемелік жұмыс:

педагог-тәрбиешілердің жеке кәсіптік резервтерін іске асыру кезінде педагогикалық ұжымның қызметі мен қарым-қатынасында бірлікке қол жеткізуге;

педагог-тәрбиешілерде кәсіптік қатынас-байланыс үдерісіне белсенді қатысуға орнықты уәждеме қалыптастыру және көрсетуге;

педагог-тәрбиешілерде төзімділікке (балаға, әріптесіне, ата-анаға педагогикалық ағартушылық, мәдени төзімділік пен құрмет) қабілеттілікті қалыптастыруға;

педагог-тәрбиешілердің кәсіптік құзіреттілігін, ойлау мен қызметінің инновациялық стилін жетілдіруге бағытталған.

Өз дамуында әдістемелік қызмет бағдар алатын нәтиже, – жаңа үлгідегі педагог-тәрбиешінің жеке тұлғасы.

Жаңа үлгідегі тәрбиешінің жеке тұлғасы

Жеке тұлғалық қасиеттері

Кәсіптік мәдениеті

Базалық құзіреттер

Басты құзіреттер

Балаларға деген сүйіспеншілік;

жан дүниесінің дархандығы мен мейірімділігі;

жоғары өнегелілік;

энтузиазм;

еңбексүйгіштік;

тапсырылған іс үшін жауапкершілік;

ұжымшылдық сезімі;

бірге күйініп-сүйінушілік

Мектепке дейінгі педагогика, балалар және жас психологиясы негіздерін, дидактика, балалар физиологиясын білуі;

мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістемелерін, білім беру технологияларын білуі

Жоғары зият;

сыни ойлау;

қойылған мақсаттарға қол жеткізу қабілеттілігі;

өзіне жауапкершілік қабылдауға дайындық;

тәлімгер және сабағатшы рөлінде әрекет ету қабілеттілігі;

аса ұстамдылық және мақсатты бағытталғандық;

адамдармен достық, жайдары, бірақ іскерлік қатынас;

барлық істердегі қадір-қасиет пен жоғары жауапкершілік;

шығармашылық және тәуекел ету шеберлігі;

сезімділік және қозғалғыштық;

жұмыс істеуге жоғары қабілеттілік, үздік болуға және бәрін ең жақсы етіп орындауға үнемі ұмтылушылық;

өзін-өзі басқару қабілеті;

жеке құндылықтарының ақылға сыйымды жүйесі;

айқын мақсаттары;

үнемі жеке тұлғалық өсуге ұмтылушылық;

проблемаларды шешудегі дағдылар мен табандылық;

инновацияларға қабілеттілік және өнертапқыштық

Білімге тартылу, кәсіпқойлық және жұмысқа шығармашыл тәсіл;

табандылық, өзіне деген сенімділік пен іске берілгендік;

стандарттан тыс ойлау, өнертапқыштық, бастамашылдық пен идеяларды шоғырландыру таланты;

тіл табысушылық пен табыс сезімі;

эмоциялық теңгерімділік пен түңілуге орнықтылық;

ашықтық, өтіп жатқан өзгерістерге икемділік, бейімделгіштік;

жағдаяттық көшбасшылық, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі ұйымдастыруға деген ішкі қажеттілік;

жұмыс пен қабылданған шешім үшін жауапкершілік;

ұжымда және ұжыммен жұмыс істеуді қажетсіну;

өзінің жеке құндылықтарын анықтау шеберлігі;

өзін-өзі дамытуға және проблемаларды тез және тиімді шешу қабілеттілігі

МДҰ даму кезеңдері және олардың сипаттамасы

Кезең

Мерзімдері

Проблемалар

Мақсаты

Міндеттері

Бағдарламалық іс-шаралар

Пайда болуы

2024 -2029жж.

Балалар және ересектер ұжымдарының және МДҰ-ның барлық қызметтерінің қалыптаспағандығы

Жаңа МДҰ бейнесін көрудің;

сыртқы ортамен байланыстар мен қажетті ресурстық қамтамасыз етілудің;

МДҰ тіршілік қарекетін регламенттейтін стратегиялық және тактикалық құжаттардың жоқтығы

Осы МДҰ-ның аудан, кент білім беру кеңістігіндегі орнының анықталмағандығы

МДҰ тіршілік қарекетінің стратегиялық және тактикалық негіздерін жасау

Балалар мен ересектер ұжымдарының және МДҰ мақсаткерлігінің қалыптасуы.

МДҰ дамуының міндеттері мен стратегиялық және тактикалық мақсаттарын белгілеу.

Сапалы ресуртық қамтамасыз етілудің орнауы.

Сыртқы орта субъектілерімен байланыстарды жолға қою.

Жаңа МДҰ-ның орнауы жөніндегі басқарушылық іс-әрекеттердің тиімділігіне мониторинг

Мектеп жасына дейінгі балаларды МДҰ-ға қабылдауға дайындық және ұйымдастыру.

Педагогтар мен қызмет көрсетуші персоналды жұмысқа қабылдау.

Қажетті: психологиялық-педагогикалық, ақпараттық-талдаушылық, ғылыми-әдістемелік, қамтамасыз етуші қызметтерді құру.

Бағдарлама жасау – орнығу және өңір білім беру жүйесіндегі өз орнын иелену кезеңі.

МДҰ тіршілік қарекетін регламенттейтін жергілікті құқықтық нормативтік актілерді әзірлеу.

Жаңа МДҰ-ның ішкі және сыртқы тұрпатын безендіру.

Материалдық-техникалық және оқу-дидактикалық базаны қалыптастыру.

Сыртқы ортамен ынтымақтастық.

Ата-аналармен жұмыс – ата-аналар құрамын, олардың МДҰ-ға сұранысын зерделеу, бірлескен жобаларды бастау және қолдау көрсету, оларды қызықтыратын мәселелер бойынша кеңестер беру, балалар бақшасын басқаруға тарту.

Балабақшаішілік мониторинг жүйесін құру.

Республика МДҰ-дарының озат тәжірибесін зерделеу және істе сынап көру

Орнығу және дамыту

2024–2029жж.

Бірқатар мамандардың жоқтығы.

Педагогтардың кәсіптік құзіреттілігінің төмен деңгейі.

Материалдық-техникалық базаның: компьютерлердің, интербелсенді жабдықтардың, спорттық мүкаммалдың, музыкалық аспаптардың жетіспеушілігі.

Оқу-дидактикалық және әдістемелік қамтамасыз етудің: әдістемелік құралдардың, оқу-дидактикалық ойындардың, көрсету материалдарының, құрылымдаушылардың жетіспеушілігі.

Ата-аналарға арналған ақпараттық-сабағаттық пункттің жоқтығы.

Балалар және олардың ата-аналарының сұраныстарына сәйкес қосымша білім беру қызметтерінің жоқтығы

Дамуды басқарудың тиімді тетігін жасау

Кадр проблемасын шешу.

Әдістемелік жұмыс құралдарымен педагогтардың кәсіптік құзіреттілігін арттыру.

Материалдық-техникалық базаны, оқу-дидактикалық және әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.

МДҰ жанынан ата-аналарға арналған ақпараттық-сабағаттық пункт құру.

Білім беру үдерісіне заманауи денсаулық сақтаушы және ақпараттық технологияларды енгізу.

МДҰ ұсынатын қосымша білім беру қызметтерінің ауқымын дамыту

Психологты, музыкалық жетекшіні, дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушыны, қосымша білім беру педагогтарын іріктеу және жұмысқа қабылдау.

Компьютерлер, интербелсенді тақталарды, спорттық жабдықтарды, ойындар мен ойыншықтардың алуан түрлерін сатып алу.

Оқу-әдістемелік, көркем әдебиет қорын толықтыру.

Педагогтардың Интернет желісіне қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Педагогтар біліктілігін үздіксіз арттыру жүйесін жасау.

Білім беру үдерісін технологиялау.

Заманауи денсаулық сақтау технологияларын: балалар хатга-йогасын, кинезиологияны және т. б. енгізу.

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын байыту: балалардың ақпараттану, орыс және ағылшын тілдері негіздерін зерделеуін енгізу.

Қуыршақ және драмалық театрлардың қалыптасуы.

Балаларға арналған үйірмелерін ашу.

Балалардың фольклорлық-аспаптық ансамблін құру.

Ата-аналарға арналған ақпараттық-сабағаттық пункт ашу.

МДҰ дамуын басқарудың сапасына ішкі бақылау жасау.

МДҰ тіршілік қарекетіне ата-аналарды, билік және әлеумет өкілдерін кеңінен тарту: бірлескен мерекелер, жобалар, істер.

Даму үдерісінің мониторингі.

Балабақшалық білім беру инфрақұрылымын жетілдіру.

МДҰ жұмысына жұмыстың алдыңғы қатарлы тәжірибесін кеңінен енгізу

Балалар бақшасының даму үдерісіндегі бағдарламалық іс-шаралар

Басқару және ғылыми-әдістемелік жұмыс

Басқару құрылымын, Бағдарламаны, жергілікті нормативтік құқықтық құжаттарды; педагогтар қызметіне әдістемелік демеу бағдарламаларын; жетістіктер мен проблемаларға сындарлы талдау жасалған жыл сайынғы жоспарларды әзірлеу.

МЖББС-н, мемлекеттік білім беру бағдарламаларын іске асыру мен Бағдарламаға түзетулер енгізу.

Педагогтарға алдыңғы қатарлы әдістемелер мен технологияларды меңгеруде әдістемелік көмек көрсету.

Педагогтарды оқыту және білім беру үдерісіне заманауи әлеуметтік-ойындық, ақпараттық, денсаулық сақтаушы технологияларды, М. Монтессори әдістемесін енгізу.

Іс-тәжірибелік қызметке қазақ этнопедагогикасының ұстанымдары мен элементтерін енгізу.

Сұрақтар бойынша әдістемелік материалдар банкін қалыптастыру.

Мектепке дейінгі білім беру проблемалары бойынша педагогикалық кеңестер, әдістемелік лездемелер, семинар-практикумдар өткізу.

Педагогтарды біліктілік арттыру курстарында оқыту.

Мектепке дейінгі білім берудің өзекті проблемаларын әзірлеу үшін педагогтардың шығармашылық топтарын құру.

«Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мектебі» мен «Жас тәрбиеші мектебінің» жұмысын ұйымдастыру.

Педагогикалық еңбектің ерекшелігін есепке ала отырып, жұмыс орнында біліктілікті үздіксіз арттыруды ұйымдастыру.

Педагогтар жұмысындағы қиындықтарды айқындау және талдау жасау мен жеке әдістемелік көмек көрсету.

Педагогтардың жеке тұлғалық жетістіктерін бағалау.

Педагогтар портфолиосын қалыптастыру.

Жұмыс тәжірибесінен материалдар жариялау.

Медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық моиторинг өткізу.

Білім беру инфрақұрылымын негіздеу және дамыту.

Озық педагогикалық іс-тәжірибені зерделеу және МДҰ қызметіне енгізу.

Педагогтардың өздігінен білім алуының тиімді жүйесін ұйымдастыру: шығармашылық есептер, тұсаукесерлер, шеберлік сыныптары, жас және жаңа бастаушы тәрбиешілердің педагогикалық іс-тәжірибесіндегі зертханалар, тьюторлық пен фасилитация.

Авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік материалдар, тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған ұсынымдар, жұмысшы дәптерлерін және т. б. әзірлеу.

Материалдық-техникалық жарақтандыру

МДҰ аумағында балаларға арналған дамытушы аймақтарды, сондай-ақ психологиялық жеңілдену кабинетін және топтарда денсаулық бұрыштарын жасау.

МДҰ-ды жаңа спорттық жабдықтармен толықтыру.

Топтық және ойын бөлмелеріндегі балалар жиһазы мен компьютерлік базаны жаңарту.

Ғылыми, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет қорын тұрақты жаңартып тұру.

Музыкалық аспаптар сатып алу.

Медициналық және гигиеналық алдын алу:

Ауаның ластануын алдын алуды, үй-жайлардың ауа-жылу режимін ұйымдастыру.

Табиғи және жасанды жарықтандыруға және МДҰ-ды ұстау мен санитарлық жай-күйіне қойылатын гигиеналық талаптардың сақталуына бақылау жасау.

Балалардың күн режіміне гигиеналық баға беру.

Білім беру үдерісіне медициналық бақылау жасау.

Балалар мәзіріне гигиеналық баға беру. Тамақтандыру режімін ұйымдастыру.

Балалар ауруларының алдын алу, гигиенасы тақырыбына ата-аналарға арналған лекциялар мен әңгімелесулерді, санитарлық бюллетеньдерді шығаруды тұрақты өткізу.

Емдік-алдын алу шараларын тағайындай отырып, әрбір бала денсаулығының жай-күйі туралы қорытындылар жасау.

Персоналдың медициналық тексеруден өткізілуіне бақылау жасауды жүзеге асыру.

Көктем-күз мезгілінде тымаумен және ОРВИ-мен аурудың алдын алу жөнінде шаралар кешенін қамтамасыз ету.

Оқу жылына емдік-алдын алу шаралары, балалар мен педагогтардың ауруға шалдығушылығынан сақтандыру бойынша жұқпалы ауруларға қарсы ішкі акциялар жоспарларын жасау.

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту

Жаңа МДҰ-ның білім беру құрылымын; күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды; балаларды оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламаларын жасау.

МДҰ-да психологиялық-педагогикалық қызметтің жұмысын ұйымдастыру.

Психологтің педагогикалық кеңестер мен лездемелерге қатысуы.

Балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша авторлық оқу-әдістемелік кешендер мен жұмысшы дәптерлерін әзірлеу.

Педагогтар жұмысын технологиялау: балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістемелеріне оқыту және оларды әрбір тәрбиешінің іс-тәжірибесіне енгізу; білім беру үдерісін технологиялау: балаларды ерте жастан бейімдей, проблемалық, дамытушы, жобалық оқыту технологияларын енгізу.

Білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз етуде психологиялық-педагогикалық көмекті жетілдіру.

Жалпы дамытушы сабақтарға денсаулық сақтаушы бағытталғандықты енгізу.

Балалардың ерте жастан бастап ақпараттық технологиялар, орыс және ағылшын тілдерінің негіздерін зерделеуі.

Педагогтардың құзіреттілік дамуды бақылаулардың жеке карталарын, бала дамуының білім берушілік траекториясы мен мониторингін жасауы және оларды іс-тәжірибеде сынап көруі.

Ағартушылық-тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының мазмұнын жаңарту.

Балалардың аудандық, облыстық балалар конкурстарына, іс-шараларына, жарыстарына қатысуы.

Балалар шығармашылық жұмыстарының көрмелерін ұйымдастыру: суреттер, плакаттар, бұйымдар, жобалар және т. б.

Балалардың шағын кітапханасын жасау.

Қосымша білім беру қызметтерін енгізу: балалардың қуыршақ және драма театрлары, фольклорлық аспаптық ансамбль, хореографиялық топ пен бейнелеу студиясы және т. б.

Ата-аналармен бірге балалардың дамуына серпінді бақылаулар жасаудың нәтижелерін талқылау мен тұрақты талдау жасауды жүргізу.

Балалардың жол-көліктік жарақаттанушылығының алдын алу жөніндегі бағдарламаны іске асыру.

Дене шынықтыру-сауықтырушылық жұмысы

Білім беру үдерісіне жұмыстың «Денсаулық күні», дене шынықтыру минуты, валеологиялық кідіріс, таңертеңгілік бой жазу, қозғалғыштық минут, спорттық сағат сияқты формаларын енгізу.

Ата-аналардың қатысуымен спорттық жарыстар мен дене шынықтыру мерекелерін өткізу: «Сен – епті, күшті, батылсың», «Біреуі бәрі, бәрі біреуі үшін», «Мама, папа, мен – спорттық отбасы» және т. б.

«Денсаулық» журналын шығару.

Балалар денсаулығын сапалық бағалау бойынша мәліметтердің компьютерлік базасын қалыптастыру.

Балалар денсаулығының Төлқұжатын жүргізу.

Денсаулық сақтаушы инновациялық технологияларды: «Балалар хатга-йогасы», «Балалар кинезиологиясын» (ақыл-ой гимнастикасы) және т. б. зерделеу және енгізу.

Ата-аналармен жұмыс

Ата-аналар комитеттерінің жұмысын қалыптастыру.

Қамқоршылар кеңесін құру.

Топтарда және жалпы ата-аналар жиналысын өткізу.

Ашық конференциялар мен семинарлар: «Балаларды ерте жастан жаңа ұжымға бейімдеу проблемасы», «Егер отбасында асқан белсенді бала өсіп келе жатқан болса», «Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық даму индикаторлары», «Бүгінгі күнгі баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы» және т. б.

Балаларды тәрбиелеудің өзекті тақырыптарына арналған лекторийлер, кинолекторийлер.

Балалардың, ата-аналардың, педагогтардың қатысуымен бірлескен «Отбасы күні», «Анамның күні», «Наурызды қарсы аламыз», «Достық фестивалі» және т. б. мерекелерін ұйымдастыру.

Бірлескен туристік жорықтар, экскурсиялар, конкурстар.

Ата-аналарға арналған ақпараттық-сабағаттық пункттің жұмысын ұйымдастыру.

Психологтің кездесулері мен кеңестер беруі.

Ата-аналармен бірге бала жеке тұлғасының дамуына серпіндік бақылаулар жасаудың нәтижелерін талқылау мен талдау жасауды тұрақты жүргізу.

Медициналық қызметкерді ата-аналармен ағартушылық жұмыс жүргізуге тарту.

Ата-аналарды еріктілік жұмысына және оларды балалардың қызығушылықтары бойынша әртүрлі үйірмелерді жүргізуге тарту.

Деңгейде күтілетін соңғы нәтижелер

балаларда

педагогтарда

ата-аналарда

әлеуметте

– жеке тұлғалық мәдениетінің дамуы;

– дене, зияткерлік, шығармашылық әлеуетті айқындау және дамыту;

– салауатты өмір салты басымдығының артуы;

– балалардың моральдық-психологиялық, дене және рухани саулығын нығайту, олардың қатынас-байланыстық қабілеттерін дамыту, әрбір баланың жеке тұлғасын өнегелілік және эстетикалық жағынан жетілдіру;

– танымдық және шығармашылық қызметте балалардың дербестігі мен белсенділік деңгейін арттыру;

– балалардың әртүрлі конкурстарға, жарыстарға, көрмелер мен фестивальдарға қатысуының сәттілігі;

– балалардың мектепке жеке тұлғалық дайындығын қамтамасыз ету

– кәсіптік құзіреттіліктің артуы;

– педагогтар мен қызметкерлердің әлеумет балаларын сапалы оқыту мен тәрбиелеуге мүдделілігі;

– педагогтардың мектеп жасына дейінгі балалардың дене, өнегелілік, рухани және әлеуметтік саулығына қол жеткізуге бағытталуы;

– әрбір педагогтің жеке педагогикалық стилінің қалыптасқандығы;

– педагогтардың конференцияларға, конкурстарға, көрмелерге, фестивальдарға ойдағыдай қатысуы;

– жұртшылықтың назарын МДҰ жұмысының тәжірибесіне, оңтайлы білім беру үдерісін жетілдіру үшін материалдық-техникалық мүмкіндіктерді кеңейтуге аудару

– ата-аналардың балаларды ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріндегі құзіреттілігінің жақсаруы;

– ата-аналардың балалық шақ, салауатты өмір салтының, балалармен қарым-қатынастарда субъект-субъектілік өзара әрекеттестіктің басымдылықтарын мойындауы;

– ата-аналардың МДҰ-ның балаларды оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі қызметіне қолдау жасауы;

– ата-аналардың инновациялық үлгідегі заманауи МДҰ моделін жасау мен дамуын басқаруға белсене қатысуы

– әлеумет өкілдерінің МДҰ-ның балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша қызметіне қолдау жасауы;

– әлеумет тұрғындарының мектепке дейінгі педагогика мәселелеріндегі құзіреттілігінің артуы;

– балалық шақ, салауатты өмір салтының, балалармен қарым-қатынастардағы субъект-субъектілік өзара әрекеттестіктің басымдылықтарын мойындау;

– әлеумет тұрғындарының инновациялық үлгідегі заманауи МДҰ моделін жасау мен дамытуға белсене қатысуы;

– МДҰ-ның кенттегі жоғары рейтингі

 

 

 

 

Дамыту Бағдарламасын іске асырудың мүмкін болатын

қиындықтары мен оларды жоюдың жолдары

Мүмкін болатын қиындықтар (тәуекелдер)

Оларды жою жолдары

МДҰ-ның инновациялық қызметті іске асыруға үстірт қарауы

МДҰ-ның мектеп жасына дейінгі заманауи балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласындағы қызметін ынталандыру және инновациялық қызмет нәтижелерін алуға нұсқауларды қалыптастыру

Педагогтардың бір бөлігінің білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық формаларын қабылдамауы

Педагогтардың инновацияларға дайындық проблемасын өзектендіру, педагогтармен ағартушылық жұмыс, педагогтарды біліктілікті арттыру курстарында және МДҰ ішінде оқыту, педагогтарға әдістемелік қолдау жасау

Бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі

Қосымша қаражаттар іздестіру, демеушілердің қаржыларын тарту, әлеумет тұрғындарына ақылы қосымша білім беру қызметтерін ұсыну, фандрайзинг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕКЕМЕ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

Балабақша бойынша  ақпараттық  анықтама

Кәсіпорынның толық атауы: «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының  «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Заңды тұлғаның мекен -жайы: Ақмола облысы,  Зеренді ауданы, Шағалалы ауылы,жеңіс көшесі 2/1  Телефон: (87162) 24-3-20

e-mail: baldirgan2006@mail.ru;

интернет сайт: ds0006.zerenda.aqmoedu.kz

Құрылған күні: 27.05.2006жыл

Типі: бөбекжай

Түрі:аралас

Жоба бойынша белгіленген  қуаттылығы: 160 бала

Балалардың  жалпы  саны: 137 бала

Топтар саны: 8 топ

Соның ішінде жалпы  - 8 топ

Жұмыс уақыты:

Жалпы топтарда - 8.00 - 18.00,

Бөбекжай меңгерушісі: Шапатова Сандугаш Елубаевна

Білімі: жоғары, 2011 ж. «Кокше» академиясының «Педагогика және психология» факультеті

Санаты: жоқ

Еңбек өтілі: 17 жыл

Мамандардың сапалық құрамы: 40, соның ішінде 17 педагог

Педагог   қызметкерлерінің сапалық   құрамы (білімі, санаты):

Педагогтардың   жалпы саны – 17

Білімі:

Жоғары  –13

Орта арнайы  – 5

Санты:                                                  

Педагог-шебер-0

Педагог-зерттеуші -0

Педагог-сарапшы-1

Педагог-модератор-8

Санаты жоқ-9

 

 

 

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст