«Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету»
1.Педагог жеке көқарасы бар және қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Осындай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар- ожданың үнемі қорай алады.
2.Мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ берсе де, ол баланың өмірінің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге дайын болуы керек.
3.Мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп- салдарын анықтай білуге де шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.
4.Мұғалімнің адамгершілік, саяси- идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып. Ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса
ұлағатты атқа лайық бола аламыз.
Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуде қызмет ететін тұлға айналуы керек.
Әрбір ұстаз ұлттық құндылықтарды, өз ісінде инновациялық әдістерді пайдалануы қажет. Сонда ғана ұстаз деген ата- аналар жиналысы мен тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, өзара сабаққа қатысу, семинар, тренингтердің рөлі өте зор. Сонымен қатар жас мамандарға психологиялық қолдау да қажет. Педагог этикасы, педагогикалық такт, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, тренинг өткізу. Колледж құжаттарын толтыруды, құжаттармен жұмыс жасауды меңгеру.Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру. Ата- аналармен танысу жиналысы, сауалнамалар толтыру уақытылы жүргізілу тиіс. Ата−аналармен қарым-қатынас жасау,оларға бала оқытудың қазіргі кездегі талаптары мен қиыншылықтары туралы мағлұмат беру, бала психологиясына көңіл бөлу т.с.с. кеңестер берілу.
Сабаққа қойылатын талаптар
Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді. Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жақсы жасалуына байланысты. Сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, мазмұнының қысқаша жоспары, білімдік және тәрбиелік мақсаты мен тапсырмалар, құрал-жабдықтар, көрнекіліктер, сабақтың құрамының кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдердің түрлері жазылады.
Оқыту әдістерін үш топқа бөлген:
Технологиялық талаптар:
Педагог өзі сабақ беретін сыныбындағы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік-жігерін, т.б. психологиялық жағдайы сабақ үрдісіне ерекше әсерін тигізеді.
Педагогтің көңіл-күйі, жинақтылығы, жүріс-тұрысы оқушыларға беріліп, оқу еңбегінің дұрыс немесе бұрыс болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл-күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет. Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеруі мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.
Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болып түсуі- балалар денсаулығының кепілі. Педагог балаларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы, дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді.
үш мақсаты:
Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
Негізгі компоненттері:
ҰОҚ жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері:
Белгіленген талаптарға сәйкес сабақ жоспарын жазу.
Міне, осындай міндеттерді алға тарта отырып жас мамандарға көмек:
Жас маманды психологиялық қолдау үшін баулушы тәлімгердің онымен жиі кездесіп, әңгіме, тренингтер өткізуі, педагог этикасы, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру жайы туралы ұсынымдар беруі пайдалы болмақ Тренингтік сабақтарды біз тоқсанына бір рет психодиагностикалық әдістемелерді (темперамент типін анықтау, өзіне өзінің сенімділігін бағалауға арналған тест (Рейдаст тесті), оқытып-үйрету процесіндегі педагогикалық ынтымақтастық дең- гейінің диагностикалық әдістемесі, «Мүғалімнің психологиялық портреті» әдістемесі) қолдана отырып өткіземіз. Тренинг соңынан жас мұғалімге жаднама, өткізілген тест (2-қосымша) бойынша анализдік талдау нәтижелері беріледі. Оқу жылының соңында қорытынды шығарып, оларды талқылаймыз. Пікірлерді түйіндейміз. Бұл кезде жас мұғалімдердің өзіне сенімі, дербестігі, бастамашылдығы айтарлықтай көтеріліп қалады. Тәлімгерліктің арқасында олар сабақ жүргізу, сынып сағаттарын, ата-ана жиналыстарын өткізу техникасын игеріп үйренеді.
Жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдерді
қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым
Ата-аналар жиналысына әзірлік және оны өткізу жөніндегі жаднама