«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«4К моделі бойынша бақылаудың түрлері»

31.01.2022

4К моделі бойынша бақылаудың түрлері

  Бақылау – балаларға өздерінің білім деңгейін жоғарлату  үшін не істеу керектігін білуге мүмкіндік беруге бағытталған үдеріс» деп пайымдайды. Сонымен қатар Натбраун (Nutbrown, 2001) педагогтің тұрақты үдерісті емес, динамикалық үдерісті те бағалауының маңыздылығын атап көрсетеді. Бақылау оқытуды тиімді қолдап, оқуға септігін тигізетін кезде ғана құндылығы арта түседі. Бұл үздіксіз үдеріс болуы тиіс. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәжірибесінде бақылау маңызды орын алады. Ол педагогтерге балалардың білімі мен дағдыларын егжейтегжейлі білуге және түсінуге мүмкіндік береді, оқытудағы келесі қадамдарды анықтауға септігін тигізеді. Мұны балалардың ерекше және өзекті қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған іс-әрекеттер мен шараларды әзірлеу мақсатында жоспарлау барысында ескеру керек. Жақсы педагог балалардың білім алу және даму саласындағы қажеттіліктерін анықтай алу үшін өздерінің балалар туралы терең білімдеріне сүйенеді. Бұл ақпараттар жоспарлау барысында ескеріліп, ал кейінгі жоспарлауда балалардың білім алудағы қажеттіліктері, сондай-ақ қызығушылықтары мұқият ескерілуі тиіс. Деректер жинау және оның объективтігін қамтамасыз ету балаларды әртүрлі жағдайларда бақылау арқылы, фото суреттер мен бейне материалдарды, аудио жазбаларды іріктеп алу арқылы, балалармен, олардың ата-аналарымен немесе қамқоршыларымен әңгімелесу арқылы қажетті деректерді жинақтауға болады.

Бақылау түрі дегеніміз- басымдықтары,  кемшіліктері бойынша  жазбалар жүргізу белгілі бір уақыт кезеңінде бала туралы барлық байқағандары жөнінде жазбаша есеп.

Бақылау түрлері:  басымдықтары және кемшіліктері.

 

Бақылау түрі

Басымдылықтары

Кемшіліктері

Жазбалар жүргізу

Белгілі бір уақыт кезеңінде бала туралы барлық байқағандары жөнінде жазбаша есеп. Мұнда баланың не айтқаны, оған қатысты басқалардың әрекеттері мен кері байланысы қамтылады

Бақылаудың кез келген әдісі

үшін анағұрлым толық болып табылады.

 ·Болған жайлардың барлығы жазылып отырады.  ·Жазбаларды оқитын басқа тұлғаларға жағдайды нақты түсінуге мүмкіндік береді.  ·Кейін қажетті қосымша түсініктемелерді қосуға болады

Көп уақыт алады.

·  Болған жайлардың

· барлығын жазып үлгеріп отыру қиын болуы мүмкін.  Бақыланатын мінез-құлық,

· әрекеттер басқа уақытта қайталанбайтын болуы мүмкін.  Педагогтердің барлығы

· ондай жазбаларды жүргізбеуі мүмкін

Бақыланған бір оқиғаның жазбасы

Бақылаушы қадағалайтын белгілі бір жағдайдың, оқиғаның немесе мінезқұлықтың қысқаша немесе толық жазбаша сипаттамасы

·Жазбаларды жүргізуге қарағанда аз уақыт алады, ерекше бір мінез-құлық көрсетілген, нақты оқиғалар немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде ғана жазылады.

 · Егер жазба егжей-тегжейлі жазылған болса, онда оқиға қашан, қай жерде және неліктен болғаны, соның ішінде не айтылғаны туралы толық ақпаратты қамтиды. 

·Уақыт өте келе болған өзгерістерді қадағалау үшін бәрінен де ыңғайлы.

·Қысқа мерзімді жадыға байланысты болады. 

·Тек белгілі бір оқиғаға, жағдайға немесе мінезқұлыққа ғана назар аударылады. 

·Бірқатар уақыт аралығы ішінде жиналған ұқсас жазбалармен бірге түсініктеме беру қажет болғандықтан, бірден кері байланыс бермейді

Дамуды тексеру парағы Балалар белгілі бір жаста меңгеретін немесе көрсететін мінез-құлық дағдыларының немесе ерекшеліктерінің тізімі. Бақылаушы осы дағдылар мен мінез-құлық ерекшеліктерінің қайсысына қол жеткізілетінін атап көрсетеді.

·Жазып алу оңай.

·  Әрбір баланың дамуын және күшті тұстары/ қырларын қадағалаудың жақсы тәсілі. 

·Бір мезгілде көптеген мінезқұлық дағдыларын/ ерекшеліктерін іздеп табу мүмкіндігі. 

·Даму қырларын жақсартуға арналған іс-шараларды жоспарлау үшін пайдалану мүмкіндігі.

·Бақылаудың неліктен және қалай жүргізілгені туралы емес, не бақыланғаны туралы баяндалады.  ·Дағдылардың ішіндегі жақын арада қалыптасқандарын анықтау мақсатында дағдыларды жүйелі негізде тексеріп отыруды қажет етеді.

Жетелеуші сұрақтар

Белгілі бір нақты тақырыпқа қатысты даму мен мінезқұлықты қарастыру, жазу және түсіндіруге бағыттайтын сұрақтар тізімі.

·Бақылау дағдаларын меңгеретін педагогтер үшін жақсы таңдау. 

·Бір бақылау барысында әртүрлі мінез-құлық дағдыларын немесе ерекшеліктерін қарастыруға болады. 

·Бақылаушыларға бақылау тақырыбына байланысты маңызды сұрақтар жөнінде ойлануға көмектеседі.  ·Зерттелетін тақырыпқа дұрыс бағыт-бағдар береді.

·Іс жүзінде пайдалануға болатын ақпарат ретінде қолдануға келмейді.  ·Көптеген педагогтер немесе басқа мамандар пайдаланбайды.

Оқиға үзіндісі

Көзделген оқиға орын алған сайын немесе мінез-құлық байқалған сайын, бақылаушы осы оқиғаның басынан аяғына дейін көптеген бөлшектерін жазбаша түрде белгілеп отырады

·Сирек көрініс табатын мінезқұлық ерекшеліктерін қадағалау үшін пайдалы.  ·Мінез-құлықпен жалғас жүретін жағдайлар жазылып отырады. 

·Уақытты тиімді пайдалану.

·  Педагогтер бақылаудың бұл  түрін өзгерістерді қадағалау және ақпарат жинау үшін пайдалана алады

·Педагогтердің қысқа мерзімді жадына байланысты. 

·Бір ғана оқиғамен немесе мінез-құлық ерекшелігімен шектеледі.

Уақыт үзіндісі

Жалпы мінез-құлықтың көрініс табу жиілігін жазып отыратын жазба. Белгілі бір қысқа уақыт мерзімі ішінде, әдетте күніне бірнеше рет көрініс табуы тексеріледі.

·Орындау оңай, көп дайындықты қажет етпейді.  ·Педагогтер бұл техниканы ерекше мінез-құлықтың байқалу жиілігінің өзгерістерін қадағалау үшін пайдалана алады.

·Белгілі бір оқиғаның неліктен және қалай болатынын емес, қаншалықты жиі орын алатыны туралы айтады.  ·Мінез-құлықтың тек белгілі

бір уақыт кезеңіндегі көрінісі қадағаланады. 

·Нәтижелерді түсіндірудің нақтылығы ұзақ уақыт аралығындағы үзінділер санына байланысты.

Жиілікті есептеу

Бақылаушы бір немесе бірнеше мінез-құлық ерекшеліктерінің көрініс табу жиілігін қадағалайды.

·Бақылау жүргізіліп отырған мінез-құлық әрбір көрініс тапқан сайын белгіленіп отырады.

· Жалпы жиіліктің уақытша кесіндісіне қарағанда

 

·Нәтижелер негізіненбелгілі бір оқиғаның орын алу санын және аздаған қосымша ақпаратты қамтиды. 

·Әрдайым мұқият болу керек

Бағалау шкаласы

Бақылау жүргізілетін баланың мінез-құлық ерекшеліктерімен немесе дағдылармен байланысты критерийлерге қаншалықты сәйкес екендігін бағалау үшін қолданылады.

·Жазып алу оңай.

  ·Бірқатар дағдылар мен мінезқұлық көрсеткіштері бойынша қол жеткен нәтижелер туралы ақпарат береді. 

·Бағалаудың әрбір деңгейі сипатталады.

·Әртүрлі бақылаушылардың бағалауы айтарлықт й субъективті болуы мүмкін.  ·Қарастыру аясы шектеулі.

·Білім берудің басқа салаларына қатысты ақпарат бермейді.

Социограмма

 Іске асып жатқан әлеуметтік өзара әрекеттестікті көрсететін диаграмма.

·Пайдалану оңай.

·  Қадағаланатын өзара әрекеттестіктің нақты жазбасын қамтамасыз етеді.

·Жағдайлармен байланысты ақпарат бермейді.  ·Жинақталған ақпараттың мәнін түсіндіру үшін түсініктеме беруді қажет етеді.

 

Кері байланыс

Кері байланыс оқу-тәрбие үдерісінің әртүрлі сатыларында қолданылады және ересектердің немесе педагогтердің балалармен үздіксіз өзара әрекеттестікте болуына мүмкіндік береді, соның нәтижесінде оқу-тәрбие үдерісін түзету және одан әрі жоспарлау жүзеге асырылады.

Кері байланыс беруде педагог келесі мәселелерді ескеруі тиіс:

 - баланың артықшылықтары мен мықты жақтарын атап өту;

- баланың нені дұрыс орындамағанын түсіндірмей тұрып, сенікі «дұрыс емес» немесе «бұрыс» деген пайымдаудан аулақ болу;

 - баланың іс-әрекетін қалай түзетуге немесе жақсартуға болатыны жөнінде ұсыныс айту;

 - баланың айтқанын мысқылдауға немесе «мынауың барып тұрған ақымақтың жауабы ғой» деген сияқты баланы мазақ ететіндей жағымсыз сөздерге жол бермеу. Бұрыс немесе қате іс-әрекеттерге түсіністікпен қарамаса, оқытуда ілгерілеу мүмкін емес. Педагогтің міндеті – баланың жұмысына объективті, толыққанды кері байланыс ұсыну

 

Кері байланыс түрлері

Кері байланыс

Сипаты

Нәтижесі

Сындарлы емес

Барлығы нашар жасалған. Бұл суретті ешкімге көрсетуге болмайды. Сен бәрін шатастырдың, бәрін қайта жасау керек!

Баланың көңілі қалады, іштей реніш пайда болады, қыңырлық танытып, ашуыза туады

Сындарлы

Сен мені дұрыс түсінбедіңау деймін, әлі де ойланайық... Нені өзгертуге болатынын ойлансақ қайтеді немесе ...

Пайдалы қорытынды жасалып, жаңа дағдылар қалыптасады

 

Тиімді бақылау тәжірибесі

 «Танымдық оқиғалар»

 Карр (2007) ұсынған танымдық оқиғаларды қолдану тәсілі –  Жаңа Зеландияның кіші жастағы балаларға арналған білім беру бағдарламасында көрініс тапқан. Танымдық оқиғалар белгілі бір уақыт кезеңі бойындағы балалардың дамуын құжаттандырып отыруға мүмкіндік беретін пәрменді құрал болып табылады. Олар баяндау стилінде жазылады және баланың оқуына ықпал ететін факторларға қатысты ақпарат береді, сонымен қатар педагогке баланың дамуына қатысты бірқатар пайдалы мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Танымдық оқиғалар – бұл балалардың күшті тұстары, олардың қызығушылықтары мен қабілеттері атап көрсетілетін оқытудың маңызды сәттері туралы құрылымдалған жазбаша оқиғалар . Бұл балаларды күнделікті тәжірибе аясында бағалау болып табылады . Танымдық оқиғалардың негізгі мақсаты – балаларға күн сайын әртүрлі жағдайларда орын алып жататын қарым-қатынастардағы құзіреттілігі мен сенімділігін қалыптастыру болып табылады . Бағалауға осындай толыққанды қарым-қатынас педагогтерге баланың жетілуі мен ілгерілеуін байқауға мүмкіндік береді және олардың үйренуін зерттеуге үлес қосуды ұсынады. Бұл әдіс педагогтердің балаларды бақылауын және әртүрлі жағдайлардағы оқыту үдерісіне түсінік беру мақсатында әңгімелер жазуды қамтиды.

Просмотров: 1775


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст