Психологиялық ойындар
« Суреттерді аяқтайық » жаттығуы
Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту .
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .
«Түрлі –түсті доптар» жаттығуы
Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал .
« Менің көңіл-күйім » жаттығуы
Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
«Мен басқаның көзімен»
Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды .
« Атомдар мен молекулалар »
Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады .
Афирмациялар
« Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді » ,« Мен жетістіктің адамымын » ,« Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда »
« Таңғажайып дорба » ойыны
Дорбада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар .Бала көзі жабылып , дорбадағы заттың дәмін татып , оның қай жеміс екенін ,дәмі , исі , формасы , түсі жайында ажырата баяндайды .
Мен қандай адаммын ?
Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі .
Менің қиыншылықтарым
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп , ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі .
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады .
Ұқсастық шегі
Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып жазады .Ұқсастығын оқып , ой бөліседі
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады .Жұп құрып , бір- бірінің көздеріне қарап отырады . «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың .
« Сиқырлы сөздер » ойыны
Мұғалім кез-келген өтінішті айтады , ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек . Мысалы : Айнаш , дәптерді бер . «Айнаш , өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау
« Ең жақсы » ойыны
Қатысушылар екі топқа бөлінеді . Әр топқа мынадай нұсқау беріледі .Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет . Ең ақшалы , ең жасыл , ең тәтті , ең күлкілі , ең ұсқынсыз, ең қарым-қатынасы күшті , ең жауапты , ең салмақты
«Жағдайлы волейбол» ойыны
Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады , сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады , бұрыс жауапқа қағып алмайды
« Кездесу » ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады , әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап , баланың қасиетін айтады .
Ассосация « Жанұя »
Психолог допты лақтыру арқылы ата-анаға сұрақ қояды , олар жауап береді .
« Сиқырлы жұмыртқа» ойыны
Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады .
« Әрқашан күн сөнбесін ! » жаттығуы
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады .
« Өкпені еріту » жаттығуы
Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін , көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз .Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз .
«Тазару» жаттығуы
Терең дем алып , демді барынша қайта шығарыңыз . Денеңізді босатыңыз . Өзіңізге былай деңіз : Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе , реніштен тазарғым келеді . Мен барлық қысымнан осылайша босаймын . Барлық ескі реніш , өкпелерден құтылғым келеді . Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін . Мен өз қалпымдамын . Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым , кештім .
Жас мамандарға арналған кәсіби бейімделуге көмектесетін тренингтің өткізілуі бойынша анықтама
Мақсаты: жас мамандардың кәсіби сана шеңберін кеңейту, кәсіби іс-әрекеті барсында пайда болатын қиындықтарды шешу дағдыларын дамыту, олардың психикалық қысымдарын төмендету, ішкі психикалық күшті дамыту.
Барлығы алты жас маман қатысты. Алдымен өткізілетін іс-шараның мақсат-міндеттері ескеріліп өткен соң, әрбір қатысушымен амандасу рәсімі өткізілді. Қатысушылар өздері туралы толығырақ айтып кетті, сөйтіп бір-бірімен жақынырақ танысты.
«Ұжымд Сергіту сәтінде
оқушылардың көңіл-күйін
және есте сақтауын дамытуға
арналған психологиялық
жаттығулар
1.«Жунглидағы жаңбыр»
Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.
2. Жағымды сөздер.
Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.
3. «Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.
Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.
5. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.
Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:
«Трансформатор» «Талдықорған»
форма қорған
матор тал т.б.
6. «Сантики, Фантики, Лимпопо».
Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
7. «Қолдағы хат».
Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.
8. «Көңіл-күй неге ұқсас».
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
9. «Тасбақалардың жүгірісі».
Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.
10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»
Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.
11. «Тыныштықты жақсы көретін патша» Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.
Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.
ық сурет» атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.
Жаттығудан кейін қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, дем алып, рухани толысты.
--------------------------------------------------------------------------------------
Тақырыбы: Таңғажайып көбелектің түсі.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ертегітерапия, арт-терап, құмтерапиясы.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру,релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.
Сабақтың барысы
Міне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.
Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болымыз керек.Балалар , мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.
Ойын: Жаңбыр (интерактивті тақтамен)
Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек-кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып-тұру).
5. Жан- жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)
Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр ? кәне артынан барайықшы
Құм салынған үстелге жақындайды.
-Құм терерапия жаттығуы.
-Қолды құмға салу.
-Саусақтарының арасынан құмды уқалау.
-Қолды құмға жасыру.
-Құмды себелеп құю.
Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі » ертегіні айтады, Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан-жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?
Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.
Психолог : Міне ,біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның суретін салып бояйық. Балалар сурет салады.
«Болады, болмайды» жаттығуы.
Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса- онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр- аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық ұйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.
Тренинг: қорқыныш
Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып кеттік.Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мәу) Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық. Міне, мысықпен дос боламыз, енді қорықпаймыз.
Мақсаты: Топтағы балалармен қарым-қатынас орнату, өзін-өзі дамыту, зейінді дамыту, психоэмоционалдық қысымды тежеу, эмоционалды нақты қимылдарды дамыту.
Сабаққа керекті материалдар: жағымды әуен, күн суреті, майшам.
Жылулық шеңбері: «Күн» ойыны.
Мақсаты: оқушыларды өзін таныстыруға, дұрыс сәлемдесуге, басқаларды тыңдай білуге үйрету.
Жүргізілу барысы: Менің қолымда күн тұр. Ол қазір айнала барлығымыздың қолымызға өтеді. Кімде- кімнің қолына, күн түссе, сол өз атын атап, көршісінің атын атап, шарды оған береді.
«Орманға саяхат» жаттығуы.
Психолог балаларды ойдан шығарған орманға саяхатқа шығарады. Балалар психологтың қимылдарын орындап артынан келе жатады: аюды оятып алмай аяқтың ұшымен тып-тыныш, ойдым жерлермен, төбешіктермен, айналасы тікенекке толы жіңішке жолмен жүріп келеді, астында бұлағы бар қираған көпірден өтіп, батпақты жерлерден секіріп, еңкейіп саңырауқұлақ пен гүлдер теріп, жоғарыдағы жаңғақтарды жинайды.
«Тас пен жолаушы» жаттығуы.
Психолог серуеннен кейін демалу керектігін айтады. Балалардың біреулері тас, ал кейбіреулеріне жолаушы болу ұсынылады. Тас болған балалар жерге тізесін құшақтап, қатып отырады, ал жолаушылар тас болып отырған баланың арқасына сүйенеді. Содан балалар орындарын ауыстырады.
«Тыңдаймыз және орындаймыз» жаттығуы.
Балалар топпен еркін тұрады. Балалардың арасы 0,5 м болуы қажет. Марш мотивімен әуен болады. Балалар әуен ырғағына марш қимылдарын жасайды. Құмыл кезінде психолог балаларға түрлі бұйрықтар береді. Балалар бұйрыққа сәйкес қимылдарды орындап отырады.
Бұйрық Қимыл
«Қояндар!» Балалар қояндар секірісін салады.
«Аттар!» Аттың адымын тұяқтың дыбысын салып жүреді.
«Шаяндар!» Шаянға тектес қимыл жасайды.
«Құстар!» Балалар қолдарын екі жаққа лақтырып жүреді.
«Аққұтан!» Бір аяқпен тұрады.
«Иттер!» Балалар қолын қайырып үреді.
«Тауықтар!» Балалар тары іздеп, шоқып, «ко-ко-ко» деген дыбыс шығарады.
«Сиырлар!» Балалар төрт тағандап отырады.
«Кім қаттырақ айқайлайды!» жаттығуы.
Балаларға айғайлау ұсынылады. Ол жаттығуды секіріп, жүгіріп, әуен аясында немесе басқаша еркін түрде жасауға рұқсат етіледі.
Релаксация.
Балалар кілемнің үстіне жатады. Қолдары шынтақтан майысқан, алақандарын жерге қаратып, аяқтарын екі жақта ұстап жатады. Психолог балаларға қарап: «Қазір мен өлең оқығанда жай әуен басталады, сендер көздеріңізді жұмып жатқанда «Сиқырлы түс» ойынын бастаймыз. Сіздер шынымен ұйықтап қалмаңыздар! Бірақ қозғалмай, мен рұқсат бергенше көздеріңізді ашпайсыздар. Мұқият тыңдап, менің айтқанымды іштей қайталаңыздар. Сыбырласпаңдар. Еркін дем алыңыздар. «Сиқырлы» түс көргеннен кейін ғана көздеріңізді ашыңыз! Тұрыңыздар! – дегенше тұрмайсыздар. Ал қазір «Сиқырлы түс» күшіне енеді».
«Сиқырлы түс»…
Кірпігіміз төмен түседі…
Көзіміз жұмылады…
Біз тыныш дем аламыз… (2 рет)
Сиқырлы түс көреміз…
Жеңіл…қалыпты…терең дем аламыз…
Қолымызда дем алады…
Аяқтарда дем алады…
6 .«Не өзгерді?»
Мақсаты: Баланың ырықты зейінін дамыту.
Нұсқау: Қорапқа он шақты ойыншықтар салынып, оқушы көзін жауып қораптағы ойыншықтарды атап үстел үстіне шығарып қояды. Кейін шығарылған ойыншықтан бір – екі ойыншықты алып тастау. Содан соң бала көзін ашып қандай ойыншық жоқ екенің айту керек.
7. Құлақ — мұрын.
Мен қазір құлақ деп мұрынды ұстаймын, мұрын деп құлақты ұстаймын. Ал сіздер шатастырмай өздеріңіз ұстауыңыз керек. Немесе қол деп басымды, ауыз деп шашымды, кеуде деп аяғымды бірнеше қайтара көрсетемін. Егерде сіз шатысып кетсеңіз ойыннан шығасыңыз
8. «Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.)
«Майшам» соңғы деңгей.
Жарық өшіріліп, балалар дөңгеленіп тұрады. Майшам жағылып балалар сол майшамды жақсы сөздер айтып бір-біріне жалғайды. Балалар іштей армандайды. Сонда бір, екі, үш… майшамды балалар үріп сөндіреді
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛЕР
1. «Мұнда не артық?»
әдістемесі
Бұл әдістеме 4 және 5 жас
аралығындағы балаларға арналған. Ол баланың логикалық – бейнелік ойлауы мен
талдау жасаудың ойлау операциялары және
жалпылауын зерттеуге арналған. Бұл әдістемеде жүзеге асыру үшін балаларға
түрлі-түсті заттар бейнелеген суреттер жинағы таратылып, келесі нұсқау
беріледі.
«Мына әрбір суретте бейнеленген төрт бейненің
ішінде біреуі артық. Суреттерге мұхият қарап қандай зат және не үшін артық
екенін анықта».
«Мұнда не
артық?» әдістемесіне арналған суреттер
4-5 балл- Бала тапсырманы 2.0 минуттан 2.5 минут
аралығында шешті
2-3 балл- Бала тапсырманы 2.5 минуттан 3 минут
аралығында шешті
0-1 балл- Бала тапсырманы 3 минут аралығында
тапсырмаларды шеше алмады.
Даму
дәрежесі бойынша қорытынды
10 балл - өте жоғары
8-9 балл - жоғары
4-7 балл - орташа
2-3 балл - төмен
0-1 балл - өте төмен
Тапсырмаларды орындау үшін 10 мин беріледі.
Нәтижелерді
бағалау
10 балл - бала берілген тапсырманы уақытынан 1мин
бұрын орындады және суреттегі артық заттарды дұрыс атап оның не себепті артық
екенін түсіндіре алды.
8-9 балл - 1минуттан 1.5 минут уақыт аралығында
бала тапсырманы дұрыс шеше алды.
6-7 балл - 1.5 минуттан 2.0 минут уақыт аралығында
бала тапсырманы шеше алды.
2. Түсінікті салыстыру
Бұл әдістеме ойлаудың талдау және
біріктіру үрдістерін меңгеру үшін қолданылады. Кез келген жастағы мектеп
оқушылардың ойлауын зерттеуге арналған.
Тапсырманы
орындау барысы.
Сыналушыларға түсініктерді
салыстыруды, олардың ұқсастықтарын көрсетуді,
сосын олардың айырмашылықтарын ажыратуды сұрайды. Барлық жауаптар
жазылып отырады. Егер нұсқау бірден түсінікті болмаса, онда үлгі беріледі
Ұғымдардың ұқсастығын анықтай отырып, оқушы жалпы мәнді белгіні атауы қажет.
Мысалы, «кеш пен таң». Бұлардың ұқсастықтары таң күннің басы болса, ал кеш
күннің аяғы. Бұл белгілерді ажырата алмау баланың анализ, синтез, жалпылау
операциясының әлсіздігін және нақты ойлауыға бейімділігін көрсетеді.
Түсініктерді
салыстыру.
1) Бәтеңке-карандаш
2) Жел-тұз
3) Кеш-таң
4) Қасқыр-ай
5) Қарға-торғай
6) Қарын ашу-шөлдеу
7) Қыз-қуыршақ
8) Жаңбыр-қар
9) Емен-қайың
10)Алтын-күміс
11)Сурет-портрет
12)
Себет-жапалақ
13) Сиыр-ат
14)
Мысық-алма
15)
Ұшқыш-танкист
16)
Шаңғы-коньки
17)
Кішкентай-үлкен
18)
Сүт-су
19)
Алдау-қате
20)
Көл-өзен
21)
Өсімдік-ара
22)
Көзілдірік-ақша
23)
Пойыз-ұшақ
24)
Өзен-құс
25)
Шана-арба
26) Ертегі-өлең
27)
Стакан-қораз
28)
Трамвай-автобус
29)
Таң-кеш
30)
Алма-шие
Тізімде «салыстыруға келмейтін
ұғымдар» бар (өзен-құс; стакан-қораз; бәтеңке-қарандаш; қасқыр-ай;
көзілдірік-ақша; мысық-алма;) Мұндай жұп сөздер беріп, талқылауға асықтырмау
керек. Егер бала шатасып жатса, онда оған мұнда салыстыруға келмейтін сөздер
кездесетіні туралы айтуға болады. Одан әрі мұндай түсініктемелерге тыйым
салынады. Мұндай таңдалынған пар сөздерге нақты жағдайлар көзделген. Ойлаудың
нақтылығында «аумалылықты» байқауға болады, бұл ақыл-ойдың тұрақсыздығын
көрсетеді. Егер оқушы салыстыруға келмейтін сөздерді салыстыруға құлшынып тұрса
және шынайы емес анықтамаларды құрап жатса - онда бұл демагогияға бейімділік, резонерлік
бар деуге болады.
Салыстырылған 18-23 түсініктер қалыпты болып
саналады.
3.
«Суреттерді есінде сақта» әдістемесі
Қысқа мерзімді көру жадысының
көлемін анықтауға арналған әдістеме. Балалар стимул ретінде төменде көрсетілген
суреттерді алады. Оларға шамамен мынадай мазмұнда нұсқау беріледі:
«Мына суретте 9 әр түрлі
фигуралар берілген. Осы суреттерді есте сақтап қалуға және мен қазір беретін
басқа суреттен оны тануға тырыс. Онда бұрын көрсетілген 9 бейнелерден басқа сен
көрмеген 6 түрлі бейнелер берілген. Сен бірінші суретте көрген бейнелерді,
екінші сурете көрсетілген бейнелердегі
суреттерді тануға және көрсетуге тырыс.
Стимулдық суреттердің
экспозициялық уақыты-30сек. Осыдан кейін берілген суреттерді алып, балаға оның
орнына екінші суреттерді көрсетеді. Эксперимент, бала суреттерді қанша уақытқа дейін танығанша созылады, бірақ
1.5 мин аспау керек.
Нәтижелерді бағалау
10 балл - бала 45 сек бұрын берілген барлық
бейнелерді тани алды
8-9 балл - 45-55 сек уақыт аралығында бала 7-8
суреттерді тани алды.
6-7 балл-55-65сек уақыт аралығында бала 5-6
бейнелерді тани алды.
4-5балл-65-75сек уақыт аралығында бала 3-4
бейнелерді тани алды.
2-3 балл-75-85сек уақыт аралығында 1-2 бейнелерді
тани алды
0-1балл- 90сек және одан да жоғары уақыт ішінде
бала бірде-бір бейнелерді тани алмады.
Даму
деңгейі бойынша қорытынды.
10 балл-өте жоғары
8-9 балл-жоғары
4-7 балл-орташа
2-3балл-төмен
0-1балл-өте төмен
4.
«Аналогия» әдістемесі.
Әдістеме, берілген үлгі бойынша
сөздер арасындағы логикалық байланысты орнату үшін 30 тапсырмалардан құралған.
Ол вербальдық ойлау ерекшеліктерін бағалауға арналған.
Нұсқау
Тақтада немесе демонстротивті
плакатта сөздер орындауға берілген тапсырмалар үлгісі көрсетілген. Тақтаның сол
жағында белгілі бір логикалық қатынастағы 2 сөз бірінің астына бірі
жазылған. Оң жақта бақылауға алынған
сөздер, ал сызықтың астында- жауаптың 5 нұсқасы берлген. Сендердің
міндеттеріңіз сол жақ жұп сөздер сияқты, бақылаудағы логикалық бесеуінің ішінде
біреуін таңдау қажет.
Жүгіру тұру |
Айқайлау А) үндемеу Б) сыбырлау В) шулау Г) шақыру Д) жылау |
Паравоз Вагондар |
Ат А) жылқышы Б) жылқы В) кету Г) арба Д) жылқы сарайы |
Театр Көрермен |
Кітапхана А) сөре Б) кітаптар В) оқырман Г) букинист Д) оқу |
Темір Ұста |
Ағаш А) сүргілеу Б) ара В) орманшы Г) ағаш ұстасы Д) тақталар |
Параход Көше аялдамасы |
Пойыз А) темір жол орталығы Б) вокзал В) рельс Г) темір жол төсеніші Д) купе |
Машина мотор |
Яхта А) шахта Б) кеш В) жел Г) жүзу Д) желкен |
Аяқ Балтақ |
Көз А) көру Б) көзілдірік В) көз жасы Г) бас Д) ғасырлар |
Ине үшкір |
Сақал алғыш А) құрыш Б) металл В) алмас Г) тырналған жер Д) кесу |
Музыка Оркестр |
Өлең айту А) хор Б) театр В) жеке дауыспен орындау Г) сахна Д) әнші |
Сиырлар табын |
Қасқырлар А) аңдар Б) орман В) аң аулау Г) тобыр Д) жыртқыш аңдар |
Фильм Экран |
Опера А)театр Б)әртіс В) қайғылы оқиға Г) сахна Д) өлең айту |
Қара бидай Дала |
Алма ағашы А)егу Б)алмалар В) өсіру Г) өнім Д) бақ |
Тау Үңгір |
Ағаш А) тамыр Б) үңгір В) қабыршық Г) орман Д) дің |
Үйлер қабаттар |
Баспалдақ А) ұстағыш Б) лифт В) көтерілу Г) баспалдақ Д) жүру |
Күн Сан |
Сөз А) нақыл сөз Б) әріп В) оқу Г) әңгіме Д) кітаптар |
Ауру Емдеу |
Сынып А) шебер Б) жасау В) құрылыс Г) бөлік Д) майлау |
Салқын Аяз |
Көгілдір А) кеш Б) аспан В) жылы Г) көк Д) айлы |
Қас Дос емес |
Базар А) сатып алу Б) алаң В) сатушы Г) жүзу Д) жұмыртқа |
Таңқурай жеміс |
Физика А) оқушы Б) вакум В) ғылым Г) дәріс Д) ғылым |
Өсімдік Тұқым |
Үйрек А) ұшу Б) ет В) қауырсын Г) жүзу Д) жұмыртқа |
Шырша Емен |
Үстел А) жиһаз Б) шкаф В) гарнитур Г) ваза Д) дастархан |
Жыл Көктем |
Өмір А) қуаныш Б) оқу В) жастық шақ Г) махаббат Д) жарық |
Тарау Роман |
Пәтер А) ас үй Б) бөлме В) есік Г) үй Д) балкон |
Аштық арық |
Еңбек А) мейірімді Б) тамақ В) күш жұмсау Г) шаршау Д) төмен |
Дүйсенбі Сәрсенбі |
Жексенбі А) бейсенбі Б) сенбі В) сейсенбі Г) сәрсенбі Д) жұма
|
Таң Түн |
Қыс А) бейсенбі Б) сенбі В) сейсенбі Г) сәрсенбі Д) жұма
|
Шар Шеңбер |
Куб А) дене Б) фигура В) конус Г) призма Д) тік төртбұрыш
|
Өрт өртеу |
Арест А) камера Б) милиция В)сот Г) ұрлық Д) заңгер
|
Ешкі жануар |
Нан А) түскі ас Б) тамақ В) батон Г) жеу Д) тәрелке
|
Бет айна |
Дауыс А) микрофон Б) диктор В) таспаға жазу Г) жаңғырық Д) есту
|
5. «Кілемді
немен өрнектеуге болады»
әдістемесі.
Равеннің прогрессивті
матрицаларына негізделген бұл әдістеменің мақсаты, - бала қаншалықты қысқа мерзімде және
оперативті есте сақтауда, көрінген бейнелерді көрнекі тапсырмаларды шеше
отырып, практика жүзінде оларды қолдана алуын анықтау болып табылады. Берілген
әдістемеде Равен тестінің суреттері қолданылады. Оны балаға көрсетер алдында
былай дейді: берілген суретте екі кілемше және материя бөліктері көрсетілген,
яғни бұл арқылы кілемшенің тесігін өрнектеуде
кілем суретінің жалғанғаны ерекшеленіп тұрмауы керек. Бұл тапсырманы
орындау үшін төменде көрсетілген суреттердегі материяның бөліктері арқылы
кілемшеде кездесетін суреттермен сәйкестендіру қажет.
«Кілемді
немен өрнектеуге болады» әдістемесіне арналған суреттер.
Нәтижелерді
бағалау.
10 балл - бала берілген тапсырманы 20 сек кем
уақытта орындады.
8-9 балл - бала төрт тапсырманы 21 ден 30 сек
уақыт аралығында дұрыс орындады.
6-7 балл - бала тапсырманы орындауға 31 ден 40 сек
уақытын жіберіп алды.
4-5 балл - 41-50 сек арасында бала артық шығын
шығарды.
2-3 балл - баланың жауап берген уақыты 51-60 сек
арлығын қамтыды.
0-1 балл - бала 60 сек жоғары уақытта тапсырманы
орындай алмады.
Даму
деңгейі бойынша қорытынды.
10 балл - өте жоғары.
8-9 балл - жоғары.
4-7 балл - орташа
2-3 балл - төмен.
0-1 балл - өте төмен.
6.
«Белгілерді қой» әдістемесі.
Бұл әдістемедегі тесттік
тапсырмалар, баланың зейінінің ауысуы және бөлінуін бағалауға арналған. Бұл
тапсырманы бастамас бұрын балаға сурет беріледі және сол суретпен қалай жұмыс
істеу керектігі түсіндіріледі. Бұл жұмыста әр бір берілген квадрат, үшбұрыш,
дөңгелек және ромбтарға жоғарыда белгіленген белгілерді қою керек, яғни белгі,
сызық, қосу немесе нүкте.
«Белгілерді
қой» әдістемесіне арналған парақ.
Бала екі минут ішінде тапсырманы
орындай отырып, үздіксіз жұмыс істейді, баланың зейінінің ауысуы және
бөлінуінің жалпы көрсеткіші мына формула бойынша анықталады.
Мұндағы S- зейіннің ауысуы мен бөлінуінің
көрсеткіші.
N- екі минут ішінде сәйкес белгілермен
қаралған және белгіленген, геометриялық фигуралардың саны.
n- тапсырманы орындау барысында
жіберілген қателер саны. Дұрыс белгі қойылмағандар және жіберіп қойылғандар
қате болып саналады, яғни геометриялық фигураларға сай белгі орналаспаған.
Нәтижелерді
бағалау.
10
балл - S көрсеткіші 1,00 ден көп болса
8-9
балл - S көрсеткіші 0.75-1.00 шамасында болса
6-7
балл - S көрсеткіші 0.50-0.75 аралдығында болса
4-5
балл - S көрсеткіші 0,25-0,50 аралығында
болса
0-3
балл - S көрсеткіші 0.00-0.25 шамасында
болса.
Даму
деңгейі бойынша қорытынды
10 балл- өте жоғары
8-9 балл-жоғары
6-7 балл-орташа
4-5 бала-төмен
0-3 балл-өте төмен
7. «Сөзді
тап» әдісі
Ұсынылып отырғын әдістеме баланың
белсенді есте сақтауындағы сөздік қорын анықтайды. Ересек адам балаға белгілі
бір топқа жататын сөздер айтады да, сол топқа жататын басқа сөздерді айтуын
ұсынады.
Төменде берілген топтардың әр
қайсысына 20 сек беріледі, тапсырманың барлығын орындау үшін 160 сек кетеді.
1) Жануарлар.
2) Өсімдіктер.
3) Заттардың түсі.
4) Заттардың қалпы
5) Түс және қалпынан басқа,
заттардың басқа да белгілері.
6) Адамның әрекеті.
7) Адамның әрекетті
орындаудағы амалдары.
8) Адамның әрекетті
орындаудағы сапасы.
Егер бала
керекті сөздерді өзі бастап айтуға қиналса, онда үлкендер сол топқа жататын
бірінші сөзді айтып көмектеседі де, баланың жалғастыруын сұрайды.
Нәтижелерді
бағалау:
10 балл - бала барлық топтарға
қатысты, 40 немесе одан да көп сөздерді атады.
8-9 балл - бала әртүрлі топтарға
қатысты, 35-ден 39-ға дейінгі түрлі сөздерді атады.
6-7 балл - бала әртүрлі топтармен
байланысты, 30-дан 34-ке дейінгі түрлі сөздерді атады.
4-5 балл - бала түрлі топтардан,
25-ден 29-ға дейінгі түрлі сөздерді атады.
2-3 балл - бала әртүрлі топтармен
байланысты, 20-дан 24-ке дейінгі түрлі сөздерді атады.
0-1 балл – бала барлық уақытта 19
сөзден артық атаған жоқ.
Даму
деңгейі жөнінде қорытындысы:
10 балл- өте жоғары
8-9 балл-жоғары
4-7 балл-орташа
2-3 балл-төмен
0-1 балл-өте төмен
8. Равеннің
прогрессивтік матрицасы
Бұл әдістеме кіші мектеп
оқушыларының көрнекі-бейнелік ойлауын бағалауға арналған. Мұндағы көрнекі -
бейнелік ойлау түсінігін, әр түрлі бейнелерді сомдаумен және тапсырмаларды орындау барысындағы көрнекі
елестермен түсіндіреді.
Осы әдістемеде баланың
көрнекі-бейнелік ойлауының даму деңгейін зерттеу үшін, нақты тапсырмалар
Равеннің танымал тестінен алынған. Ол тестте 10-ы арнайы сайланып алынған және
қиындатылған бейнелік матрицалар беріледі.
Балаға бірдей типтегі, біртіндеп
қиындатылған 10 сериядан тұратын тапсырма беріледі: матрица бөлшектерінің орналасу заңдылықтарын зерттеп, (суреттің
жоғарғы бөлігінде үлкен төрт бұрыш сияқты көрсетілгендей) және төменде
көрсетілген сегіз суреттің ішінен матрицаға жетіспейтінін табу қажет (төменде
берілген матрицаның бөлігі жалаулар түрінде әр түрлі суреттермен берілген).
Үлкен матрицаның құрылымын біліп алған соң, бала бөлшекттің бірін көрсетуі
мүмкін (төменде көрсетілген сегіз жалаудың бірін), матрицаға сәйкес келетін
суреттерді қарап, өзінің логикасы бойынша көлденең және тігінен қарап
көрсетеді.
Балаға барлық он тапсырманы орындауға 10 минут
беріледі. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін эксперимент тоқтатылып, дұрыс
шешілген матрицалардың саны, сонымен қатар жалпы баллдар саны есептелінеді. Әр
бір дұрыс шешілген матрица 1 баллмен бағаланады.
Барлық 10 матрицаларды дұрыс шешу
төмендегідей (сандардың бірінші бөлігі матрицаның нөмерін, ал екінші бөлігі-
дұрыс жауапты көрсетеді: 1-7, 2-6, 3-6, 4-1, 5-2, 6-5, 8-1, 9-3, 10-5).
Даму деңгейі жөнінде қорытынды:
10 балл-жоғары деңгей
8-9 балл-жоғары
4-7 балл-орташа
2-3 балл-төмен
0-1 балл-өте төмен