«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЕртеңгілікУтренник

26.03.2021

Тақырыбы:    «Наурыз келді,құт алып!»

Мақсаты:   Балаларға   ұлыстың  ұлы  күні   туралы  мағлұматтар  беріп,балаларды  елін,  отанын  сүюге тәрбиелеу. Ұлттық  салт-дәстүрді   дәріптеу.  Имандылық,   инабаттылық,ізеттілік    қасиеттерін   қалыптастыру.  Халқымыздың   салт-дәстүрін көрсету.балаларды    наурыз   көже   туралы   түсінік беру.

Жүргізуші:  Жер   әлемді   жайнатып,  әнші   құстарын    сайратып,наурыз   тойын   тойлатып,  Ұлыстың   ұлы-  күні  келді   ағайын!Наурыз  тойымыз   құтты  болсын! Ақ  мол  болсын!  Армысыздар  құрметті  қонақтар.

Наурыз  айы  жүрекке  нұр  сепкен

Маңдайымнан  сүйіп   жатыр  нұр   көктем

Жарығымен    шуағымен    Нұр-  Ана

Алып  келдің     жер  бетіне  Нұр-көктем.

Осыншама   жақсылық,  алып  келдің  Наурызым

Төрлет   бізге   нұр  болып

Шуақ   шашып   нұр   жүзін

Ұлыстың   ұлы   күні   құтты  болсын!

Наурыз құтты болсын баршамызға! Ендеше, «Күншуақ»  тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар.

(Балалар «Наурыз» әуенімен залға кіреді.)

 

Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар.

Келген мына мерекеге қараңдар.

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер.

Тойда бүгін ойнап – күліп тараңдар!

Ортаға екі әже шығып, залға  шашу шашады:

Шашу, шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық! (екі әже бірге)

-Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
-Қайда барсаң жол болсын!
Елімізде бақыт, байлық  мол болсын!

Жүргізуші: -  Әжелер, төрден орын алыңыз. Біздің балалар сізге арнап би билеп берсін.

 

Жүргізуші:  Ұлыстың   ұлы    күні    яғни төл   мейрамымызды  қазақ   халқының     биімен   ортаға   бишілерді  шақырайық.Ал балалар  мерекемізді  қара жорға биімен  бастайық.

Би:  « Қара  жорға»

Жүргізуші:

Балалар, қазақ халқы Наурызды игіліктің, жақсылық пен жаңарудың бастауы деп есептейді. Бұл күні ренжісіп жүрген адамдар бір – бірімен достасып, төс қағысып амандасады. Ал ауыл адамдары бір – біріне қонаққа барады екен.

 Әже, Наурыз күні балаларға наурыз көже туралы айтып беріңізші.

Жүргізуші:Рахмет сізге Ақ әже. Енді,  немерелеріңіздің тақпақтарына кезек берейік:

  • Балаларымызды ортаға тақпақ  айтуға шақырамыз.

 

Ұлыс оң  болсын.   Ербатыр

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын

Төрт  түлік ақты болсын.  

 

Жылдың басы Наурыз. Іңкәр

Жердің  басы  Наурыз

Мерекеге арналсын                                                              

Бүгінгі жыр әніміз.       

 

Бата беріп атамыз, Шахнияз
Бата беріп апамыз, 
Тәтті болып жасалған, 
Наурыз дәмін татамыз. 

 

Ой, халайық, халайық  Арсен
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
 

 

Осыншама жақсылық  Айзере
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!

 

  • Ой балалар, жарайсыңдар, бәрекелді!

 

 

 

Жүргізуші:   Міне  балалар   тақпақтарды   тыңдап   болдық

Енді   ұлттық  ойындарымызды     ойынамай  қалай   көңілімізді   көтерейік.

«Ұлттық    ойын»

Арқан     тартыс

Шарты: Балалар екі топқа бөлініп, арқан тартысады

Жүргізуші:

Ал, балалар тұрмайық,

Әндетейік жырлайық,

Ортамызды ашайық.

Ырыс тілеп бұл жылға,

Әннен шашу шашайық!

Ән: «Наурыз – біздің жаңа жыл»

 

Жүргізуші:      Думан    наурыз   амал   тойдан    басталған

                            Орындалар   ақ   тілектер    жақсы   арман

                            Жайылып   ақ   кең   қазақтың   көңілі

                            Салт-дәстүр  құрмет    тұтқан  өңірі.

Салт   -дәстүр:    

 « Бесікке  салу»

 Әже: - Ендеше,  барлығымыз жиналып қалыппыз.Осы сәтті пайдаланып  менің немеремді  бесікке салайық. Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген, үбірлі-шүбірлі қадірмен әйелге тапсырылатын ырым бар. Ендеше, әже  сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді өнегелі әжесіз. Бесікке сіз салыңыз немеремді

(Баланы Таня әже алып  Жайнаған  әжеге береді)

 Әже: Баланы қолына алып, ең бірінші баланы шомылдыру керек..Баланы шомылдырып, өс-өс жасайды:

Өс-өс!
(балдырғанның қол-аяғын созу)

Өс-өс, балам, өсе бер,
Батыр бол – балуан білекті,
Батыл бол – таймас жүректі.
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық.
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным.

 Әже: қане, бесікті әкел. Бесік – өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы, мұны білген абзал.

 Балалар: Әже, мына бесік тесік қой.

 Әже: ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаға тазалық, алаңсыз ұйқы сыйлайды. Алдымен тыштырма жасайық. /тыштырма ырымы - түбектің тесігінен» тышты ма» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіреді./ Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендік.

 Әже: Енді бесік кертпе деген бар.. Оттан жын-шайтан, дерт-дербезе қашады-мыс. Бұл алаумен аластаудың бір түрі./ Осыдан  кейін отпен аластайды, баланы бөлейді.

 Әже:

Енді бесікті аластайық.

Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас, алас, аласы,
Ұйықтап дем алсын,
Қунап оянсын!

Осыдан кейін  бесікті жабдықтайды.

Балалардың біреуі /шүмекті нұсқап/: мынау не?

 Әже: Мынаны шүмек дейді, шүмекті қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болу үшін сүтке қайнатылады.

Балалар: /түбекті нұсқап/: ал мынау не?

 Әже: Ал мынаны түбек дейді. Түбектің түбіне күл салып қоятын болған, оның бір себебі бесікті тербеткенде нәрестенің зәрі шайқатылмау үшін, ал екіншісі оның күлге төгіліп, жылы бу шығарып тұруы үшін жасайды.

Балалар: Олар не үшін керек:

Әже: Мұның бәрі  сәбидің денсаулығына пайдасы өте зор. Ол баланың тазалығына өте қолайлы, мына арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл анаға да қолайлы. Бала да өзінің құрғақ, ұядай жылы жатын орнында алаңсыз ұйықтайды.

 Әже: Ал, енді, бесікке бөлейік.

 Әже: Бесіктің басына үкі тағады. Өйткені бала әсемдікке, әдемілікке бесікте жатқан кезден бастап үйренуі керек. Бала бесікте көп жатады. Бесік - баланың жылы ұясы.

 Әже: Бесік - баланың ұйқысын ғана күзетіп қоймайды, оны халық сенімі бойынша, жын-шайтаннан да қорғайды. Сол үшін де халқымыз бесікті 7 затпен жабдықтаған.Баланың басына айна, тарақ, қайшы, тұмар салады.

Бесікке бөлеу 

Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.

Балам жатсын бесікке,
Пәлесі қалсын есікте..

Таня  әже: Ал,әже, мынау сіздің  сыйыңыз /әжеге орамал  тартылады./

Жүргізуші:

- Ал, Таня әже немереңіздің бауы берік болсын!

Алтын күні шуақ шашып аспаннан,

Жаңа Жылым жыр думаннан басталған,

Ақ дастархан жайып қазақ төріне,

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған – деп Жайнаған әжемізден ақ бата алайық.

 Әже: Рахмет, балаларым!Барлықтарың қолдарыңды жайыңыздар.

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын.

Ұлыстың Ұлы күні оң болсын!

 Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын!

 Дастарханың кең болсын, уайым-қайғың жоқ болсын!

 Әумин!

Жүргізуші:

Қош болыңыз, Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітін жалғапты,

Жылда осылай келе берсін жарасып,

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,

Наурыз береке – бірлік әкелсін! – дей отырып, барлықтарыңызды Наурыз көжеден дәм татуға дастархан басына шақырамыз!

 

 

 

 

 

 

Ақмола   облысы

Зеренді    ауданы

«Балдырған бөбекжай»

 

 

«Наурыз келді,құт алып

(Ертеңгілік)

 

                                          

                                                                                                  

 

 

                                                            Тәрбиешілер : Исаханова Ж.Т.

                                                                                   Макенова А. М

 

 

 

 

 

                                          

 

 

«Күншуақ» тобы

2020-2021  оқу   жылы

 

 

Просмотров: 170


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст