Кеңес беру пунктін Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік ережелерінің (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 385 бұйрығы) негізінде жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша ашыңыз. Кеңес беру пунктерінің алдағы қызметін мектепке дейінгі ұйым жарғысында көрсету керек.
Баласы кеңес беру пунктіне келетін балалардың ата-анасымен шарт жасасу керек.
Кеңес беру пунктін ашу туралы бұйрық
Жаңа құрылымдық бөлім – ата-аналарға кеңес беру орталығын ашу туралы шешімді бұйрықпен ресімдеңіз. Мұнда тармақтың атауы мен қызметін, лауазымдар тізімі мен жұмыскерлер санын көрсетіңіз. Пункт балабақшаның ішкі бөлімі болғандықтан, осы жеткілікті.
Кеңес беру пунктін құру туралы нұсқаулық
Нұсқаулықты бекітіңіз. Онымен пункт қызметін, оның жұмыс тәртібін, жинақтау, басқару тәртібін регламенттеңіз. Нұсқаулық бірегей нысаны жоқ. сондықтан оны өз бетіңізбен құрастырыңыз. Үлгілік нысандынегізге алыңыз.
Кеңес берудің үлгілік тақырыбы
Кеңес беру пунктінің жұмысына мынадай маман-педагогтер керек:
Ата-аналарға кеңес беруді бір не бірнеше маман бір уақытта бірнеше нысанда жүргізуі мүмкін: топтық, кіші топтық, жеке.
Кеңес беру пунктінің жұмысы үшін жауапты тұлғаларға мына құжаттаманы әзірлеуді тапсырыңыз:
Мамандардың жұмыс кестесін халықтың әлеуметтік сұранысын ескере отырып, өз бетіңізбен анықтаңыз. Пункт жұмысын аптасына 2-3 рет таңғы және кешкі уақытта ұйымдастыру ұсынылады. Кеңес беру ұзақтығы – 25 минуттан кем емес.
Ата-аналардың өтінімі бойынша кеңес беру пункті жедел көшпелі кеңес беру көмегін не онлайн кеңес беруді ұйымдастыра алады.
Ата-аналарға кеңес беру пункті тегін жұмыс істейді. Ересектер нақты маманмен жұмыс істеу үшін кеңес беру пунктіне жүгіне алады. Өтінімдерді тіркеу үшін арнайы ата-аналар өтінімдерін алдын ала тіркеу журналын бастаңыз. Ересектер тіркеу парағын толтыруы тиіс, тіпті олар алдын ала тіркеусіз көмекке жүгінсе де.
Әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық және медициналық-сауықтыру бағыттары бойынша кеңес беріңіз:
Педагог ата-аналармен алғашқы кездесуде әңгімелесу арқылы тиісті ақпаратты алады, содан кейін алған деректерді талдау арқылы ересектерге әдістемелік көмек көрсетудің тиісті тәсілін таңдайды. Бұл қажетті әдебиеттерді ұсыну, пайдалы жаттығуларды, ойындарды көрсету әрі үйрету, сондай-ақ түзету және дамыту технологиялары бойынша сабақ өткізу болуы мүмкін.
Пункт маманы ата-аналармен ауызша әңгімелесумен қатар қағаз және электрондық тасымалдағышта тиісті ақпаратты дайындайды. Бұл буклеттер, жаднамалар, фото және видеоматериалдар, пайдалы интернет-сайттарға сілтемелер және т. б. болуы мүмкін. Ата-аналардан «Өз балаңызды білесіз бе» атты сауалнама алуға болады.
Егер ата-ана келу себебін түсіндіре алмаса әрі өзіне қай маманның көмегі керек екенін бірден білмесе, оған әдіскер көмекке келеді. Әдіскер ата-анамен сөйлесе келе қиындықтың себебін анықтап, оны тиісті педагогке жіберуі тиіс .